Шоқанның Саққұлақ шешеннен бата алуы

Басты бет / Әңгімелер, Мақалалар / Шоқанның Саққұлақ шешеннен бата алуы

Шоқанның Саққұлақ шешеннен бата алуы — Әңгімелер, Мақалалар бөліміндегі материал.

Материал — Шоқан, Саққұлақ шешен, бата — осы тақырыптарға байланысты.

Жазда ауылына демалысқа келген Шоқан Саққұлақ шешенді қонаққа шақырып, бірнеше күн оның тағылымды əңгімелерін тыңдайды. Дидарласу кезінде жас Шоқан қонаққа тосыннан сұрақтар қойып:

— Ақсақал, біреу жолдан адасса, кімнен ақыл сұрайды? — дейді.

— Шырағым, көнеден сұрайды.

— Көне адасса кімнен сұрайды?

— Көне адасса көргендіден сұрайды.

— Көргенді адасса, кімнен сұрайды?

— Көргенді адасса, көптен сұрайды.

— Көп адасса, кімнен сұрайды?

— Көп адасса, көп оқығаннан сұрайды.

— Көп оқыған адасса, кімнен сұрайды?

— Көп оқыған неге адассын! Əлгінде ғана Сатыбалдының Жаманқұлына күдіктеніп, оның Үмбеталы жырау туралы дастанын өзің де меннен сұрап анықтап алған жоқпысың? — дейді шешен. Содан соң:

— Асылы, ақыл — адамды аздырмайтын ем.

Білім — таусылмайтын кен.

Адамның басшысы — ақыл.

Жетекшісі — талап.

Шолғыншысы — ой.

Жолдасы — кесіп.

Қорғаны — сабыр.

Қорғаушысы — мінез.

Біліп туған бала екенсің,

Тумысыңнан дана екенсің, — дейді Шоқанға риза болған шешен.



WhatsApp Telegram

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шоқанның Саққұлақ шешеннен бата алуы деген не?

Бұл бетте Шоқанның Саққұлақ шешеннен бата алуы тақырыбы бойынша негізгі материал берілген.

Бұл мақала қай бөлімге жатады?

Бұл материал Әңгімелер, Мақалалар бөліміне жатады.

Осы тақырыпқа ұқсас материалдарды қайдан табуға болады?

Ұқсас материалдарды осы беттегі тегтер, бөлім сілтемелері және төмендегі қатысты материалдар арқылы көруге болады.

Осы тақырыпқа қатысты басқа материалдар

Шоқанның Саққұлақ шешеннен бата алуы материалы Әңгімелер, Мақалалар бөліміне жатады. Осы тақырыпқа жақын жазбаларды бөлім, тег және автор сілтемелері арқылы табуға болады.

Әңгімелер, Мақалалар бөліміндегі басқа материалдар Шоқан тақырыбындағы материалдар Саққұлақ шешен тақырыбындағы материалдар бата тақырыбындағы материалдар