Балалықтың балғын дәмін сағынбайтын жан жоқ-ау, сірә! Қамсыз, уайымсыз, ешбір қоспасыз сәттердің уақыт қоржынында қалып кеткені қалайша сағындырмасын?
Тезірек есеюді армандаған бала қалауы ересек өмірдің сан түрлі қат-қатпарлардан тұратынын білсейші... Ала жаздай таңның атысы, күннің батысына дейін, ыстық күнде үйден ұрланып шығып асыр салып ойнап жүрген біздерге бұл ой қайдан келсін. Балалық реніштің өзі қандай?! Реніш деп атауға келмес. Бүгін ренжіскен досыңмен ертең қол ұстаса ойнап жүргенің. Арамдықтың, кекшілдіктің, зұлымдықтың не екенін түсінбейтін таза көңіл-ай! Айналаның бәрі тек жылуын төгіп, мейірімін танытатындай еді. Ал бақытты болуға қалаған ойыншығың мен тәттіңнің өзі жетіп жатыр.
Балалық шақ десе мектеп қабырғасындағы кезіміз бірден есімізге түседі. Қолымызға әліппе ұстап алғаш рет мектеп табалдырығын жасқана аттаған сәт... Сыныптастардың орны бір бөлек. Еркелік пен бұзықтық танытып, тіпті сабақтан да бірге қашып кетуші едік. Қанша жерден келіспей қалсақ та, ренжіссек те бір үйдің баласындай едік. Сыныптастар құдды бір екінші отбасыңдай. Сенің шынында қандай екеніңді білетін, сені шын танитын адамдар да осы сыныптастар.
Қанша есейдік дегенмен бойда бір бала көңіл қалады. Кейде тез өкпелеп, бұртиып, қыңырлық пен еркелік танытып, өзімізді баладай сезініп кетеміз.
Мәңгі бала болып қалмайтынымызды білсе те, іште жатқан балалықты сөндіріп тастай алмаймыз...
Мырзахан Ажар
Қазақстан тарихы кафедрасының доценті Джолдыбаева У. М.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Жазбаға пікір жазуға рұқсат жоқ.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі