Өлең, жыр, ақындар

ҚазҰУ - мүмкіндіктер мекені

Мен Сейдали Алма Түркістан қаласының тумасымын. Н.Оңдасынов атындағы мамандандырылған мектеп-интернатта оқып жүріп ҰБТ тапсыруға дайындалдым. Ең бастысы мақсатым аты затына сай жоғарғы оқу орнына түсіп, білікті, өз ісін сүйетін маман иесі болу еді. Дайындығым қарқын жүріп жатқанда, өзімнің қандай мамандық иесі болатынымды және қандай жоғарғы оқу орнының түлегі болатыным жайлы ойланбаппын. Осылайша мамандығым мен оқу орнымды таңдауға білек сыбана кірістім. Біздік мектепке әртүрлі оқу орындарының өкілдері келіп, студенттік өмір, грант туралы мәлімет беріп кететін. Бірақ КазҰУ ЖОО жайлы ешкімнің айтқанын естімедім. Ешкім бұл ЖОО жайлы ақпарат бермесе де, аты шығып тұрған ҚазҰУ-ға қызықтым. Сыныптастарым ҚазҰУ-ға түсу қиын деп ойлады, бірақ ең білікті маман болу үшін ең білімді адамдардан сабақ алған дұрыс деп есептеймін. ҚазҰУ-ға түсуімнің екінші себебі ол менің анам. Анамның әңгімелерінің арқасында бастапқыда мектеп пен студенттік өмір ең керемет шақ, сондықтан максималды алу керек деп есептеймін. Оқу жетістіктеріміз үшін ата-анам әрқашан мақтайды. Үйде ең маңызды адам - ​​емтиханға дайындалатын және оқитын адам, ешбір жағдайда бұл адамды алаңдатпау керек.  

Осылайша 2021 жылдың тамыз айында Әль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің 1-курс студенті атандым. Болашақта "Есептеу ғылымдары және статистика" мамандығының иесі атанамын. Ең алғашқы студенттік жылым мүмкіндіктерге толы өтуде. Жатақхана Түрлі іс-шаралардың куәсі болып келемін, білім министрімізбен, белгілі қазақстандық ғалым Асқат Жұмаділдаевпен және басқа да ғылыми кездесулер. Осындай ғылым қуған, білім қуған адамдардан бата, ақыл және тәжірибе алуға мүмкіндік беріп жатқан менің ҚазҰУым. Әсіресе менің ұстаздарым Темешева Светлана, Мамаева Венера апайларыма алғысым шексіз. 

Қазіргі жас талапкерлерге ҚазҰУ жайлы, тіпті жатақхана жайлы өмір өте қызықты. Мүмкін осы сөздерімді оқып отқан талапкер еліміздің ең үздік университетіне түскісі келер. Ал алдағы студенттік өмірім білімге, ғылымға және мүмкіндіктерге толы өтетініне сенімдімін!

Автор: механика- математика факультетінің 1 курс студенті Сейдали Алма Нұрланбекқызы

Жетекші: аға оқытушы Уразгалиева Светлана Аманжоловна жетекшілігімен 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз