Өлең, жыр, ақындар

Қазақ ұлттық университеті - жас түлектердің арманы

Мен қазір механика-математика факультетінің математикалық және компьютерлік модельдеу мамандығының 1 курс студентімін. Мен 11-сынып оқығанда, Қазақстандандағы жоғарғы оқу орындарында шолу жасау барысында, Әл-Фараби университеті жайлы мақала оқыдым. ҚазҰУ әлемдегі топ-200 университеттер қатарында екенін, оның ішінде 175-орынды иеленгенін білдім. Осылай бұл университет менің арманыма айналды. Алдыма ҚазҰУ-ды үлкен мақсат ретінде қойдым. Ол үшін ҰБТ-дан 100+ балл жинау қажет болды. Осының өзінен ақ тек таңдаулылар түсетінін түсіндім. Үздіксіз дайындық арқылы ҰБТ-дан 119 балл жинадым. Қазір ҚазҰУ-да оқудамын. Бұл үлкен өмір жолына бастап қойға армандарымдың алғашқысы болды, және мен оған жеттім. Маусым айында оқуға түскенімді білдім, сол уақытта оңашада көз жасымды сығып алғаным да бар. Көз алдымнан дайындықпен өткен ұйқысыз түндерім жүгіріп өтті. Солай қажетті құжаттарымды жинадым. Тамыз айында құжаттар қабылдау уақыты ашылғанда, анаммен қуанышым қойныма сыймай, Түркістаннан Алматыға келдім. ҚазҰУ-ға алғаш келгендері сәтімді ешқашан ұмытпаспын. Ең есте қалары универдің студенттер қалашығы мен жұпар аңқыған гүлзарлары. Ең ерекшелігі бір аумақтың ішіне, студенттер үшін жағдай жасалған. Сол сәтте мен өз таңдауымның дұрыстығына тағы да көзім жетті. Мен ҚазҰУ университетінде оқып жүргеніме қуанамын да мақтанамын. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде білім алып жүргенімді мақтанышпен айтамын!

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ. Математикалық және компьютерлік модельдеу мамандығының 1 курс студентті: Нұрпейсова Д.Н. Жетекшісі: Уразгалиева С.А.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз