Өлең, жыр, ақындар

Менің таңдауым - Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Мектеп бітірген әрбір түлектік келесі баспалдақтарының бірі жақсы мамандық, жақсы жоғарғы оқу орнын таңдау. 11 сыныпта оқып жүргенде сыныптастарымның бар ойлары қандай Жоғарғы оқу орындарын таңдау еді. Ал менің сол кезден-ақ таңдауым-Қазақ Ұлттық Университеті еді. Себебі: Қазақ Ұлттық Университеті әлемнің үздік 250 университетінің қатарында. Сонымен қатар ҚазҰУ - әлемдегі ең озық технологиялық 50 университеттің бірі. Белгілі «GreatValueColleges» халықаралық ұйымының рейтингінде қазақстандық университет ТМД елдерінің ғана емес, сонымен қатар Шығыс және Орталық Еуропаның жалғыз өкілі болып табылады және Сингапур мен Жапониямен бірге бүкіл Азия континентін ұсынады.

Осылай таңдауымды нақты таңдап ҰБТ-ға үлкен дайындықты бастадым. Жоғарыда айтқанымдай ҚазҰУ-нің деңгейі жоғары болғандықтан басқа университеттерге қарағанда оқуға түсу үшін жоғарғы балл талап етті. Менің ҚазҰУ-не түсуге деген талпынысым жоғарғы болғандықтан жақсы дайындалып, мамандығым бойынша жеткілікті балл жинап Қазақ Ұлттық Университетінің студенті атандым. Қазіргі кезде мақсатымның орындалғанына, Қазақ Ұлттық Университетін таңдағаныма мүлде өкінбеймін, керісінше мақтанышпен айта аламын. 

Қазіргі кезде мен Университеттің 16 факультетінің ішінде механика-математика факультетінің математика және компьютерлік модельдеу мамандығында оқып жатырмын. ҚазҰУ-ті мүмкіндер мекені. Бұл жерде жоғарғы біліммен қатар студенттің барлық жағдайы қарастырылған. Сабақтан бос уақытта спорттық сауықтыру кешеніне барып баскетбол,волейбол,теннис қосымшаларына қатысамыз. Және де кешенде спорттың 22 түрінен түрлі жарыстар өтеді. Бұдан бөлек университте оқушыларға арналған 14 жайлы жатақханасы бар. Сонымен қатар «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығы бар. Бұл білім беру, медициналық, заңгерлік, қаржылық және мәдени қызметтер көрсететін студенттерге арналған жастар ресурстық орталығы.Тіпті студенттер Университетті бітіргеннен кейін жұмысқа орналасуға өтініш бере алады, сонымен қатар әкімшілік, әлеуметтік және тұрмыстық сектор, банктер, нотариус, адвокат, туристік компаниялар, әуе және теміржол кассалары өз қызметтерін ұсына алады.Яғни бір ауыз сөзбен қысқарта айтқанда ҚазҰУ-МҮМКІНДІКДЕР МЕКЕНІ. Мен осындай МҮМКІНДІКТЕР МЕКЕНІНДЕ БІЛІМ АЛЫП ЖАТҚАНЫМДЫ МАҚТАН ЕТЕМІН. Болашақта Қазақ Ұлттық Университететінен еліміздің дамуына үлес қосатын білімді жастардың шығатынын сеніммен айта аламын.

Ал-Фараби атындағы ҚазҰУ. Математикалық және компьютерлік модельдеу мамандығының 1 курс студенті Байдолданова Айжан. Жетекшісі Уразгалиева С. А


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз