Өлең, жыр, ақындар

Жастардың дінге көзқарасы және ағымға кіріп кету

Джасыбаева Венера, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің студенті
Жетекшісі ҚазҰУ аға оқытушысы Тунгатова Ұлжан Аскарбаевна

Қазіргі таңда жастардың дінге деген оң көзқарастары көбейіп келе жатыр. Діни кітаптар, адамгершілік, сыйластық сонымен қатар “жақсылық пен жарысу” мақсатындағы қайырымдылық. Қазіргі сәтте қайырымдылықпен өте көп жастар айналысатын болды. Бұдан әрине адамгершілік, жанашырлықты байқауға болады. Демек, Дінге деген оңтайлы көзқарастардың дамуы. Діни кітаптарға деген қызығушылықты байқауға болады бірақ оған назар аударып, авторы кім деген сияқты дүниелерге көбі назар аудармай жатқанын байқауға болады. Ең алдымен жастар діни кітап оқығанда неге назар аударуы тиіс?

1) авторы
2) Дін істері комететінің сараптамасы
3) Муфтиттың сараптамасына да назар аударуы керек.

Діни білімді жетілдіруді өте көп адам қалайды. Кейбірі адасып, яғни діннен білімі болмағандықтан, қайсысы жақсы қайсысы жаман екенін ажырата алмай басқа тармақтарға, ағымдарға кетіп жатады. Сондықтан, Діни Call орталыққа хабарласып, нақты сұрақтарына жауап ала алады. Осылайша, діннен адаспай, білімдерін жетілдіруге болады. Болашақ жастардың қолында. Адамгершілікпен, діни тұрғыда өздерін өсірсе, онда болашақтан білімді ұрпақ өсуіне күмініміз жоқ.

Имамдардың берген сұхбатын бақылап отырсақ, оларда қазіргі жастардың дінге деген көзқарасы жақсы екенін айтып жатады. Еріктілер тобыда жетерліктей. ҚР Президенді Қ. Тоқаев еріктілерге де қаржылай жағын қарау жайында ескерткен. ”Осы Ислам дінінің арқасында, қаншама еріктілер бар. Әр саладан кейіп ортаға қосылып танысқандар. Осының арқасында, болашақта жұмыс табуларына да қиын емес”. Дейді Имамдар. Әл-Фараби атамыздың айтуынша, “Тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың қас жауы” деп дінге де байланыстырып ұғынуға болады. Тәрбиеміз келіп жатқан білім-болашаққа қасіреті бары анық. Тәрбие отбасында берілуі керек одан кейін біліммен қатар жүруі керек. Тәрбиенің жоқтығы-арсыздық, ұятқа жетелейді. Білімнің толық берілмеуі-не адасады не тура жолды табады деген 2 мүмкіндік бар.
 Кейбір жастардың діни ағымға кетіп жатқанының себебін мыналар деп білемін:алдымен білім-діни білім, зайырлы білімнің болмауы. Еңбек, Ізденіс, сенім және дұрыс дами білу.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар