Адамдардың өзгеруіне не себеп? Оған кінәлі қоғам ба, әлде адамдардың өзі ме? Ең алдымен осы екеуінің ара жігін ажыратып алсақ. . Әрине, адамның қалыптасуына қоғам тікелей себепкер. Яғни адамның бүкіл болмысы осы қоғам арқылы өмірге икемделеді. Егер айналасындағы адамдары қандай болса, адамда сондай өмірге аяқ басады. Көбісінің ойлайтыны тек заман кінәлі, өмір қиындап кетті, тіптен келгенде қоғамды кінәлауда. Ал оның негізгі себебі жоғары да айтылған мысалдардың ешқайсысы сай келмейді. Әуелі адамдардың өзгеруіне тікелей адамның өзінің қатысы бар. Себебі қоғамды қоршап тұрған адам екенін әсте естен шығармау керек-ті.
Қазіргі адамдар жайлы қысқаша сипаттама:адамдардың жеңіл нәрсеге үйренгендері соншалық оңай жерден пайда көздейді. Қоғамда пайдасыз білім мен ілімді насихаттайтындар көбейді. Оның бірі үшін пайдалы болуы мүмкін, алайда бәріне бірдей емес. Жастар арасындағы араздық, өлім, ұрлық саны көбеймесе азаймауда. Мұндай мәселердің туындауына байланысты бірнеше факторлар мен дәйектемелер:
1. Жұмыссыздықтың салдарынан
2. Адамдардың ниетінің дұрыс еместігінен
3. Өзін шетке сызып, айналасындағы адамдарды кінәлауында т. б
Адамдардың өзгергені соншалық айналасындағы жақынын алыс көріп, бойларында бір-біріне деген өшпенділік, көре алмаушылық т. б жағымсыз кері тартпалықтар көбеюде. Қазіргі адамзат трендтен құр қалмай барын сатып, қоғаммен теңесуге бейімделуде.
Естен шығармаған абзалыр-ақ , қоғамды мына біздер адамзат өзгертпесек, ол өздігінен өзгермейді. Қоғам - ол сені қоршаған ортаң. Ал ол қалай өзгереді? Мысалға жайқалып тұрған ағаш ол өздігінен басқа жерге ауыспайды, сол сияқты өмірде, заманда өз қалпында ол тек мына саналы адамдардың қолында. Санамызды ондай паразиттермен уламай, ниетімізді дұрыстап, барымызды бағалап, еркін елде бейбіт өмір сүрейік.
Исенали Жанна
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі