Орхон-Енисей жазбалары – Түркі халықтарының көне дәуірдегі ұзақ ғасырлық мәдениетімен тарихы тұрғысынан баға жетпес құнды дүние. VII-VIII ғасырларда жазылған, Орхон және Енисей өзен бойларында табылған.
Көне Түркі жазуларын ғалымдар үш топқа бөліп қарайды:
1 - Енисей ескерткіштері.
2 - Талас ескерткіштері.
3 - Орхон ескерткіштері.
Орналасу жері болмаса, бұлардың қолданылған жылдарының айырмасында және жалпы жазу таңбаларының қолданылуы арасында елеулі айырмалар жоқ. Алайда Түркі жазбаларының жазылу мерзімдеріне қарағанда алғашқы Енисей-Лена бойынан, Сібірден, Байкал аймағынан Моңғолия далаларына, Орхон жеріне, одан Қазақстан мен Қырғызстан, Шыңжаң жеріне қарай біртіндеп таралғанын көрсетеді. Ал жазылу үрдісі, таңбаларының қолданылуы ұқсас, оқылуы біркелкі.
Енисей ескерткіштеріне Енисей бойынан және Тува, Хакас, Алтай республикаларының (бәрі де Ресей құрамындағы Түркі республикалары) аймағынан және Ресейдің батыс сібірде орналасқан Жаңасібір (Новосибирск) облысы мен Ертіс бойынан табылған жазулар жатады. Оның қолданылған, жазылған жылдары 5-7 ғасырлардың аралығы. Бұл аймақтан табылып отырған көне Түркі жазба ескерткіштердің жалпы саны қазіргі кезде шамамен 150-дей.
Талас ескерткіштері. Бұл аймақтағы жазулар Оңтүстік Қазақстан, Жетісу, Сыр бойы мен Қырғызстан аймақтарына таралған, соның ішінде көп шоғырланған жері қазіргі Жамбыл облысында. Қолданылған мезгілі бірыңғай 8 ғасыр. Ескерткіштердің жалпы саны шамамен 20 шақты.
Орхон ескерткіштері. Моңғолиядағы Орхон, Селенг, Тола өзендерінің бойынан және Ресейдегі Минусинск ойпатынан табылған ескерткіштер жатады. Қолданылған мезгілі 7-8 ғасырлар. Ескерткіштердің жалпы саны 30 шақты. Алайда ең көлемді, ұзақ мәтінді жазбалар осы топқа жатады. Бұның ішінде тарихи құндылығы жағынан «Құтлығ қаған», «Білге қаған», «Күлтегін», «Тоныкөк», «Күлі Чор» және «Мойын Чор» ескерткіштерінің орны ерекше. Яғни Көне Түркі жазулары 5-8 ғасырлар аралығында Сібір, Моңғолия, Шыңжаң, Қазақстан, Қырғызстан және Оңтүстік Ресей жерінде кеңінен қолданылғаны туралы қорытынды шығаруға болады. Бұл көрсетіліп отырған тарихи мезгіл (5-8 ғасырлар) мен оның таралған үлкен аймағы Ұлы Түркі қағандығы, одан бөлінген Батыс және Шығыс Түркі, Түргеш, Хазар қағандықтары мен Көк Түркілер (Екінші Түркі қағандығы) мемлекеттерінің аумағы мен өмір сүрген дәуіріне сәйкес келеді. Бұдан басқа қазіргі ғылымға Көне Түркі жазуларының Тибет аймағындағы және Еуропалық даладаларғы нұсқалары белгілі.
Қызыл (Тыва) қаласындағы тасжазба
Енисей жазбаларының жалпы саны – 85 айналасында. Олардың ішінде кіші-гірім жазбалармен қатар ірі мәтіндер кездеседі. Енисей ескерткіштері көлемі жағынан негізінен шағын болып келеді. Ең үлкен 10-15 жолдан, ең кішісі 1-2 жолдан ғана тұрады.
Орхон-Енисей ескерткіштеріндегі Тәңір сөзінің жазылуы
Түркі жазбаларының ішіндегі ең маңыздысы – Орхон жазба мұралары. Орхон өзенінің бойынан табылған бұл ескерткіштердің ішінде тасқа қашалып жазылған 3 тарихи мұра ерекше аталады. Оның біріншісі - 732 жылы өлген хан інісі Күлтегінге, екіншісі – 735 жылы өлген Білге қағанға, ал үшіншісі – Тоныкөкке арналған ескерткіштер.
Орхондағы Күлтегін ескерткіші - Орхон мұражайы, Хархорин, Моңғолия
Орхон жазбаларында Түрік қағанаты дәуіріндегі елдің білім, дүние танымы, түркі халықтарының тарихы мен тағдыры, қарым-қатынастары, жеңістері мен өкініштері, отаншылдық, ерлік, бірлік, намыс туралы түсінігі, наным-сенімі тәуелсіздік аңсары, осы жолдағы атқарған қызметтері жазылған. Жырларының негізіне түрік руларын біріктіру, нығайту, сыртқы жаулардан қорғау идеясы алынған.
Білге қаған жазбаларының копиясы
Орхон жазуының мәдени мұраларының бірі – Күлтегін ескерткіші. Биіктігі -3,5 метр, төменгі ені -1,32 метр, жоғарғы жағының ені –1,22 метр. Биіктеген сайын жіңішкере береді, жоғарғы бөлігі өрнектелген. Тастың төрт жағы бірдей жазылған. Батысқа қараған бетінде қытай жазуы, қалған қабырғасы бірдей көне түркі жазумен толған. Жырлары түркі ұлтының тарихымен Күлтегіннің батырлығын бейнелейді. Күлтегін ескерткіші Түркі халықтарының баға жетпес мәдени байлығы. Ескерткіштің моделінің 2001 жылы 18 мамырда Астанадағы Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Мемлекеттiк Университетiнiн бас ғимаратына орналастыруы Қазақ халқының арғы аталары Көне Түріктердің төл жазбаларының қаншалықты құнды мұра екендігін дәлелдей түседі.
Рюкоку және Тойок деп танылған қолжазба манускрипттері.
Жазба:
Транслитерация:
T²üR²K oĞZ B²GL²R²i B¹oD¹N¹ S²D²Ñ üZe T²ÑR²i B¹S¹M¹S¹R¹ S¹R¹ı Y²iR² T²L²N²M²S²R² T²üR²K B¹oD¹N¹ L²ÑN² T²öR²öÑN² KiM R²T²T²ı
Дыбыстылардың қоюлуымен:
TüRüK oĞuZ BeGLeRi BoDuN eSiDiÑ üZe TeÑiRi BaSıMaSaR aSRı YiR TiLiNMeSeR TüRüK BoDuN eLiÑiN TöRöÑüN KiM aRTaTı
Латын жазуымен
Türük-Oğuz* begleri, bodun, esidiñ!
Üze Teñir(i) basımasar, asrı Yer tilinmeser,
Türük bodun, eliñin-töröñün kim artatı?
Аудармасы
Түрік-оғыз бектері, халық, тыңдаңдар!
Төбемізге тәңрі(аспан) басыпқалмас бұрын, астымызда жер тілінбес бұрын, —
Түрік халқы, еліңді, билігіңді кім артырар?
* бұл жерде, oğuz сөзі «ру, тайпа» мағынасында да болуы мүмкін, сонда Түрік ру, тайпаларының бектері… болуы мүмкін.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Аноним
Коп рахмет)))
Алия♡♡♡♡♡♡♡☆
РАХМЕТ!!!!!!!!!!!!!
Аноним
РАХМЕТ КҮШТІ САИТ ЕКЕН
Акбота
Рахметттт
Зируза
Рақмет Өте жақсы екен маған қатты ұнады
Акбар
Рахмет
Оңғарбек
рахмет☞♡☜
Кызгалдак
Рахмет керемет маган унады
азалия
рахмет улкен,керегме жаратм
Арайлым
Орхон жадигерлери кай гасырда табылган
Алия
Рахмет
Зоя
Рахмет
Жансая
Керемет керек ақпаратты тауып алдым рахмет здерше
Аяука
Рахмет
Аяулым
Рахмет
Роналду
Жақсы екен рахмет
Красавчик бала
Әдемі мәлімет рахмен бро или тәте
Красавчик бала
Мәәә жақсы екен енді мәліметтерді осы сайттын алам
Нурлыайым
Зор жазылган
Әли Нұрқуат
Рахмет керек қатты біліп алдым
GGG
Рахмет
Асем
Култегын жыры керек еды , соны косу керек. Рахмет
алинур братан
рахмет кушти екен маган унады
Айару
Көп рахмет
Алихан братан
Зын
Клактама шлактама фамана сет
Орхон-Енисей жазбасы — Орхон және Енисей өзен бойларында табылған көне түркі жазуымен жазылған жазбалар. Оның ішінде әйгілі Білге қаған, Күлтегін, Тоныкөк құлпытастарындағы жазбалар. Орхон-Енисей жазбалары — көне түркі жазба тарихи-мәдени ескерткіші. Көп уақытқа дейін сыры беймәлім, қай тілде жазылғандығы белгісіз болып келген. Орхон-Енисей жазбаларын руналық жазбалар деп те атайды (Скандинавия халықтарының тілінде "рунь" сөзі "сыры ашылмаған", "құпия" деген мағынаны білдіреді). Тек 1893 ж. ғана даниялық ғалым В.Томсен құпия жазуды оқудың кілтін ашады. Біраз жылдардан кейін орыс ғалымы В.В.Радлов Орхон өзені бойынан табылған үлкен тастардағы жазуды толық оқып, аударды. Руна жазуындағы ең үлкен ескерткіштер Орхон мен Енисей өзендері алқабынан табылғандықтан, жазудың өзін де осылайша атап кетті. Орхон-Енисей жазбалары Шығыс Түркі қағанатының қағаны Білге мен оның інісі Күлтегін қабірлеріне қойылған орасан зор құлпытастарға қашап жазылған жыр жолдары болып шықты. Жырға арқау болған негізгі мәселелер - елдің тәуелсіздігі, береке-бірлігі. Тасқа жазылған ескерткіштерде негізінен Түрік қағанаты, оны билеген қағандар, олардың ерлігі жайында сөз болады. «Күлтегін» және «Тоныкөк» жырлары өткен дәуірден нақты мәлімет беруге арналған тарихи деректер. «Күлтегін» жырының басты идеясы – Күлтегін батырды Түрік қағанатының құдіретті тұлғасы етіп көрсету. «Күлтегін» жырының авторы – Йоллығтегін.Түрік қағанаты тарихында Тоныкөк тұлғасы ерекше орын алады. Ол Елтеріс қаған және Білге қағандарға кеңесші болған. Тоныкөк ел қамын ойлаған ақылгөй, дана қарт. Түрік қағанатына төрт жағынан жау қаптағанда, Тоныкөк ақыл кеңесімен де, тапқыр сөзімен де, батырлық істерімен де қағандарға көмектесіп отырады. Орхон жазба жәдігерліктері ішінде «Тоныкөк» жыры ерекше орын алады. Бұл жырдың авторы бөлек, оны Тоныкөктің өзі жазған деген болжам бар. Екіншісі – руна жазуындағы бұл жәдігерліктерді поэзиялық туындыға тән барлық белгілері бар, ежелгі түркілердің өзіндік әдеби дәстүріне негізделген көркем туынды деп таныды.
аноним
жақсы
Данияр
Осы жазбаларды кітап етіп шығарса жақсы болар еді
Викибай
Көне түркі жазбалары немесе Орхон-Енисей жазбалары — б.з. V ғ. — X ғғ аралығындағы түркі тайпаларының тасқа қашап жазған жазбалары.
«Алтын ғасыр» кезіндегі (VIII ғ. б.з.) әліппеге 38 таңба және сөзбөлу нышаны кіреді. Жазу бағыты дерелей, оңнан солға. Жіңішке мен жуан дыбыстылары жазуда айырылмайды, дыбыссыздардың бір бөлшегі артынан жіңішке не жуан дыбысты келгенін сыңар нышандармен белгіленген.
Сөз бөлу нышаны сөз арасына қойылады, сөйлем соңы белгіленбейді. Бас-кіші әріпке айырылмайды.
Нұлан
Türük-Oğuz begleri, bodun, esidiñ!
Üze Teñir(i) basımasar, asrı Yer tilinmeser,
Türük bodun, eliñin-töröñün kim artatı?
Өз еліңді өзің биле дегендей екен мағынасы, құл болма, кім еліңнің төріне шығады екен дегендей ма?
Аман
Бабамыз түрік, біз түрік соны ұмытпайық