Өлең, жыр, ақындар

Скулшутинг феномені: себептері мен алдын-алу шаралары

Скулшутинг феномені: себептері мен алдын-алу шаралары

Аңдатпа: Бұл мақалада автор скулшутинг дегеніміз не, оның себеп-салдары неде, оған не әсер етеді деген сұрақтарға автор жауап береді. Оның әлемде алатын орны қандай және бұл феноменмен қалай күресуге болады?. Автордың ойынша бұған кім жауапкершілік алуға тиісті. Автор бұл қаракеттен қалай қорғану жолдарын ашық жазады.

Тірек сөздер: скулшутинг, қаракет, әлемдегі орны, себеп-салдар, қорғану жолдары, шабуыл.

Аннотация: В этой статье автор ответит на вопросы, что такое скулшутинг, в чем его причина и последствия, что на него влияет. Каково его место в мире и как бороться с этим феноменом?. Кто, по мнению автора, должен нести за это ответственность. Автор откровенно пишет, как защититься от этих действий.

Ключевые слова: скулшутинг, действии, место в мире, причинно-следственные связи, способы защиты, нападения.

Annotation: in this article, the author will answer the questions what is schoolshooting, what is its cause and consequences, what influences it. What is its place in the world and how to deal with this phenomenon?. Who, according to the author, should be responsible for this. The author frankly writes how to protect himself from these actions.

Keywords: schoolshooting, action, place in the world, cause-and-effect relationships, methods of protection , attacks.

Балабақша, мектеп, университет — бұл адам білім мен тәрбие алатын, адамдармен өзара қарым-қатынас жасайтын және болашағын ойлап, жоспарларын құратын орындар. Бұл орындарды қауіпті деп ешбір адам санамаған. Бірақ скулшутинг феномені бәрін өзгертті. Сонымен скулшутинг дегеніміз не?. Скулшутинг, немесе оқу орындарындағы қарулы шабуылдар - оқу орындарының аумағында қарулы күш қолдану, көбінесе жаппай қырғынға ұласатын қаракет. Бұған қарамастан бұл қылмыскерлерді сериялық өлтірушілер қатарына жатқызбаймыз. Бұндай шабуылдың азды-көпті жабық топтардағы шабуылдардан айырмашылығы оқу орындарына шабуылда шабуыл жасаушылардың мақсаттары жиі көрсетілмейді, соның салдарынан атыс бейберекет болып шығады. Қарастырылып отырған құбылысты әртүрлі қару түрлері қолданылатын лаңкестік  әрекеттерден ажырата білу қажет. Оқу орындарына қарулы шабуылдарды бөтен адам ғана емес, оқушы немесе студенттің өзі де жоспарлауы әбден мүмкін.

Қай жылы оқу орындарына қарулы шабуылдар басталды?. Тарихқа үңіліп қарасақ, 1764 жылы алғашқы мектепке шабуыл болған болатын. Мұғалім сонымен қатар 9 оқушы үндістердің қолынан өлтірілген болатын. Бұл жайт Америка Құрама Штаттарында, ол кездері бұл британдық Пенсильвания провинциясында болды. Осындай жайттардың болуның себебін көптеген адамдар интернет пен әлеуметтік желілерден көреді. Бірақ байқап отсақ, алғашқы шабуыл 18 ғасырда болған, интернет әлі болмаған кездері. Келесі оқиға 1840 жылы Амереика Құрама Штаттарында, профессорға шабуыл жасалды. 1764 жылдан, алғашқы мектепке шабуыл жасалғаннан кейін 1900 жылға дейін, осындай 38 жағдай тіркелді, тек АҚШ-та. Бірақ 1999 жылға дейін шабуылдарға аса қатты мән берілген жоқ, «скулшутунг» деген терминде болған жоқ. 1999 жылы бүкіл әлемге танымал скулшутинг оқиғасы болды, ол оқиғаны «Колумбайн» деп те жатады. 1999 жылдың 20 сәуірінің таңында Дилан Клиболд пен Эрик Харрис, Колорадо штатында, Джефферсон округінде орналасқан «Колумбайн» мектебінің жоғарғы сыныбында оқитын оқушылар, мектеп ғимаратының батыс кіреберісіндегі баспалдақпен көтеріліп оқушыларға оқ жаудырған. Олардың алғашқы құрбандары 17 жасар Рэйчел Скотт пен Ричард Кастальдо болды, олар жәй ғана мектеп жанында тамақтанып отырды. Рэйчел сол жерде мерт болды, ал Ричард 8 ауыр оқ алсада аман қалды. 58 минут ішінде мектеп аумағында және ғиарат ішінде қозғалып Эрик пен Дилан 13 адамды өлтірді, оның ішінде 12 оқушы және 1 мұғалім. 23 адамды жарақаттап, олар өз-өздеріне қол жұмсаған болатын. АҚШ-та адам өлімі бұдан көбірек жағдайлар біраз болсада, мысалы Техаста Чарльз Джозеф Уитмен 1966 жылы 1 тамызда Техас университетінің 28 қабатынан 96 минут бойы сырттағы адамдарға оқ көздеген болатын, бірақ та «Колумбайн» оқиғасы «скулшутинг» терминін енгізді. Оған себеп болған әрине Бұқаралық ақпарат құралдарының осы оқиғаға терең үңілгені. Ал көршілес Ресей Федерациясындағы ең алғашқы оқиға 2014 жылы  3 ақпанда Мәскеу қаласында болды. Ал әлеуметтік желілерді шулатқан оқиға, осыдан бір жыл бұрын 11 мамырда Татарстан Республикасында, Казань қаласының Джаудата Файзи көшесінде орналасқан №175 мектеп-гимназиясында болды. Шабуылды жасаған бұрын сол мектептің оқушысы Ильназ Галявиев болды. 11 мамыр күні таңертең гимназияға шабуыл жасамас бұрын Галявиев өз пәтерін үш жерден өртеп, ас үйдің еденіне орасан зор аммиак селитрасын шашып жіберген. Алайда, көп ұзамай өрт сөніп, алты қабатты ғимарат жарылған жоқ. Айта кететін жайт, оның ата-аналары және туыстары басқа үйге көшіп кеткен болатын. Содан соң жас жігіт қолына қаруды алып мектепке жол жөнетті. Қолында қаруы бар адамды көшеде біраз адам көрген, бірақ олардың ешқайсысы ол туралы полицияға хабарлауды шешкен жоқ. Психолог мамандарының айтуынша, адамдар қолындағы қаруды жәй ғана ойыншық немесе сахнаға шығуға арналған реквизит деп ойлауы мүмкін. Сонымен қатар адамдар өз-өздерін қорғау мақсатында оған қарсы шығуға бет бұрмаған. ТАСС ақпарат көзінің хабарлауынша, полицияға төтенше жағдай туралы ақпарат 9:18-де түскен, дегенмен шабуылшы ғимаратқа 9:19-да кірген. Екінші хабарлама 9:19-да келді. Қоңырау шалушы атыс пен жарылыстар туралы хабарлады. Дәл осы уақытта тағы бір қоңырау тіркелді. Мектептің сыртынан-ақ 19 жасар қызға оқ тиді, ол қылмыскермен бірге мектепке кіріп келе жатқан болатын. Бұны көрген мектеп қызметкері оның жолын жабуға тырысты, бірақ Ильназ оған да оқ тигізді. Мектеп күзетшісі дүрбелең түймесін басып, үстелдің астына тығылды. Мектеп директоры оқушылар мен мектеп қызметкерлері алдында сөз сойлеп, шабуыл туралы ескертіп мұғалімдерге сыныптарда оқушылармен бірге жабылуды бұйырды. Бірінші қабатта қылмыскер мұғалім Венера Айзатованы атып, бастауыш сынып кабинетінің жабық есігінде қолдан жасалған жарылғышты іске қосып, одан кейін екінші қабатқа көтерілген. Екінші қабатта бүкіл сынып өз есіктерін жауып үлгерді. Үшінші қабатта ол өкініщке орай сыныптарға кіре алды. Бұған себеп шабуыл кезінде сыныптағы дауыс зорайтқыш жұмыс істемец қалды, мұғалім директордың хабарын естімеді. Бұл сәтте 8 «А» сыныбында ана тілі сабағы өтіп жатқан, Ильназ мұғалімге, содан соң бір партада отырған 2 оқушыға оқ атқан. Содан кейін ол сыныптағы барлық оқушылардың басын көздеп, ата бастады. Ағылшын мұғалімі Эльвира Игнатьева дәліздегі шуға шыққан кезде, шабуылшы оны өлтіреді. Дәліз терезесінен футбол ойын алаңында дене шынықтыру сабағы өтіп жатқанын көрген ол терезеден бір-екі оқ атты. 8 «А» сыныбына қайта кіргенінде, аман қалған оқушылардың терезеден секіргелі тұрғанын көріп, оларға оқ жаудырды. Сағат 9:27-де зардап шеккендер туралы алғашқы деректер пайда болды. Сағат 9:33-те полиция қызметкерлері келіп, подъезге қолын жоғары көтеріп шыққан Ильназ Галявиевті дереу дерлік ұстады. Ол кезде гимназияда 714 оқушы және 70-ке жуық ұстаздар мен қызметкерлер болған. Оқиға орнына Ресей гвардиясының қызметкерлері жетіп, олар гимназия оқушылары мен қызметкерлерін эвакуациялады. Сағат 11 шамасында гимназияға Татарстан Республикасының президенті келді. Сағат 11:00-де Ресей Федерациясының ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі шабуылдаушыны қамауға алу және терроризмге қарсы операция режимін енгізу туралы хабарлады. Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 105- бабының 2- бөлігімен («Жалпы қауіпті жолмен екі немесе одан да көп адамды өлтіру») қылмыстық іс қозғалды. 2021 жылдың 10 желтоқсанында күдіктіге ақыры айып тағылды. Оған Ресей Федерциясы Қылмыстық кодексінің төрт бабы бойынша, атап айтқанда екі немесе одан да көп адамды, оның ішінде кәмелетке толмағандарды жалпы қауіпті жолмен өлтіру, кісі өлтіруге оқталу, жарылғыш зат жасау, мүлікті қасақана бүлдіру  бойынша айып тағылды. Ол өмірінің соңына дейін бас бостандығынан айырылды. Оқиға барысында тоғыз адам қайтыс болып, жиырма бір адам ауыр жарақаттар алған болатын. «Колумбайн» оқиғасы мен Казань оқиғасындағы адамдарды ортақ бір сұрақ мазалайды, ол: «Олар қаруды қайдан  алды, рұқсатты қалай алды және психикалық тесттен қалай өтті?». Бұндай қылмыскерлердің психикалық ауытқулары бар екені бірден анық, ол қандай ауытқулар:

1) шамадан тыс агресиия

2) депрессия

3) потологиялық өтірік

4) шизофрения

Олар өз-өздерін алдау арқылы психологиялық тесттен өтіп, қару-жараққа лицензияны қиналмай ала алады. Мектеп атқыштары жайлы айналасындағы адамдар жақсы пікір қалдырады. Екі жағдайда қылмыскерлер күнделік жазып, дайындық барысын жазып тұрған, олар өздерін Құдайға санаған.

Мектеп атқыштарының табиғаты мен құбылысына келетін болсақ, мектеп аумағында зорлық-зомбылыққа байланысты оқиғлар жиі болып тұрады. Бұл ұсақ тәртіпсіздііктен тұлғааралық қақтығыстарға дейін, террористердің ғимаратты басып алуына дейін болуы мүмкін. Бірақ мектепке қарумен шабуыл жасауға жеке құбылыс ретінде қарастыруға мүмкіндік беретін бірқатар белгілер бар:

— құқық бұзушы мектепке тікелей қатысы бар мектепте (оқиды немесе оқыды);
— қасақана, бірақ пайдакүнемдіксіз өлтіру немесе жарақаттау;
— тек қаруды қаруды көрсету мақсаты жоқ – мектеп атқышы әрқашан атуға дайын;
— құрбандар кездейсоқ адамдар болады, нақты қылмыскерге жамандық жасаған адам емес;
— айналадағы адамдарға қандай да бір хабарды жеткізу ниеті жүзеге асырылады, яғни символдық сипаты болады.

Ғылыми қоғамдастықта әлеуетті мектеп атқышына бірден бірнеше факторлар әсер етеді деген пікір бар. Олардың патологиялық әсері уақыт өткен сайын күшейіп, қайғылы жағдайға әкеледі. Атап айтқанда, психологтар Джек Левин және Эрик Мадфис өз зерттеулерінде мұндай факторларды «деформациялар» деп атайдв және оқушыны шабуылға әкелетін келесі кезеңдерді ажыратады: созылмалы деформация, бақыланбайтын деформамция, өткір шиелініс, жоспарлу кезеңі және жүзеге асыру кезеңі.

Оқиғалар барысында адамдарда атқыштың кескіні пайда бола бастады. Ол оқушы мектепте сыныптастарының жағынан зардап шегетін, зорлық-зомбылыққа байланысты ойындарды ойнайтын, әлеуметтік қабілетсіз, әрдайым өзі жүретін адам ретінде бейне қоғамдық санада орнықты. Бірақ іс жүзінде бәрі көрінгеннен де күрделірек.

Ең алдымен назар аудару керек нәрсе – соңғы уақытқа дейін мектеп атқыштары арасында бірде бір қыз болмаған. Бірінші мұндай жағдай 2021 жылы 7 мамырда Айдахо штатындағы мектепте болды, онда оқушы үш оқушыны жарақаттады. Мұны гендерлік сәйкестіктің ерекшелігімен түсіндіруге болады: атыс қаруын қолдана отырып, жастар өздерінің еркектік қасиетін растауға тырысады.

Сонымен қатар барлық атқыштардың қарым-қатынаста проблемалары жоқ екені қызық. Керісінше жартысынан көбі мектептің спорттық өміріне белсене араласады немесе қосымша сабақтарға барады. Тек үштен бірінде ғана әлеуметтік оқшауланудың айқын белгілері байқалады және барлық атқыштардың шамамен 12% ғана жақын достары мүлдем болмаған.

Зерттеулерге сәйкес атқыштардың 98% дерлік ауыр күйзелістерді бастан кешірді: қаржылық шығындар, өткір отбасылық жанжалдар, шектен тыс қорлау эпизодтары. Доув мұны «мұздату әсері» деп атады. Осындай  төтенше жағдайда жасөспірім бұдан артық жоғалтатын ештеңе жоқ екенін түсініп, шектен шығуға бел буады. Содан кейін құрдастарымен қарым-қатынасы шынымен мирнимумға дейін азаяды, адам ішке кіріп, актіні техникалық жоспарлауға назар аударады.

Мектепке шабуыл жасаған жасөспірімдердің әрқайсысы не полицейлердің қолынан өлуге, не өз-өзіне қол жұмсауға дайын болғаны да көзге түсетін және шын мәнінде ортақ қасиет. Яғни, бқл жәбірленушілерге жасалған зорлық-зомбылық әрекеті ғана емес, өзін-өзі өлтірудің бір түрі.

Жастарды осындай түрдегі қылмысқа не итермелейді?. Кейбір шетелдік зертттеушілер мектептегі ату феноменін түсіндіретін негізгі себебін табуға тырысуда. Мысалы, олар барлық «атышуларға» тән әртүрлі психологиялық мәселелер туралы айтып, оларды психопаттар, психотиктер жәнее травматологтар деп бөледі.

Бірақ бүгінде ғалымдар жалғыз әмбебап себеп жай ғана жоқ деген қорытындыға келуде. Мектепке шабуыл жасаған, яғни лаңкестік әрекет жасаған адамның мінез-құлқы, әрине, күрделі құрамдас бөліктерден тұратын күрделі мінез-құлық, сондықтан оны бір нәрсемен түсіндіруге болмайды.

Демек, барлық мектеп атқыштарын психикалық сау адамдар деп айтуға болмайды. Әрине, олардың эмоционалдық байланыстары жиі үзіледі және олар тұрақсыз, бірақ бұл мамандарға тиісті қорытынды жасауға және оларды қауіпті деп анықтауға негіз бермейді. Бірақ олардың аз бөлігі нақты психологиялық көмек алғаны анық.

Мектеп оқушыларының мұғалімдер мен құрдастарды атып тастайтыны туралы қиялдары реніш, әділетсіздік сезімі және кек алуға ұмтылу тәжірибесімен байланысты. Бұл қиялдарға олардың ұлылығы мен Құдайдың құқығы туралы ойлар қосылады. Мұндай ойлар жасөспіріммен бірнеше жыл бойы жүруі мүмкін.

Әлеуметтанушы Кэтрин Ньюман «Буйство: социальные корни стрельбы в школах» атты кәтабында, бес «қажетті, бірақ жеткіліксіз факторларды» қамтитын мектептегі атыстардың жан-жақты теориясын ұсынды:

— өзін-өзі әлеуметтік оқшаулауды қабылдау, өзін шеттелген адам деп санау;
— психологяидық ауытқулардың болуы;
— зорлық-зомбылық мәселелерді шешу құралы ретінде қарастырылатын мәдени сценарийлердің таралуы;
— мектепте әлеуетті атқыштарды анықтау жүйесінің болмауы;
— қарудың болуы.

Америкалық CNN телеарнасының 2018 жылғы статистистикасына сүйенсек АҚШ-та 2009 жылдан бастап 300 оқушылар мен мұғалімдерге шабуыл тіркелді. Бұл басқа елдерге қарағанда 57 есе көп. Франция және Канада елдерінде 2 жағдай тіркелген болса, Германияда тек 1 жағдай тіркелді. Ал Ұлыбритания, Италия және Япония елдерінде бұндай жағдай болмаған. Ал Ресейде 2014 жылдан бастап 18 жағдай тіркелді. Оның алтауы 2017 жылы болды. Бір қуантарлығы, Қазақстанда да мұндай жағдай мүлдем болмаған.

Мұндай жағдайларды қалай алдын алуға болады?. Ресейде 2019-2020 жылы мектептегі атыстың бірнеше эпизодтарын алдын алды, атап айтқанда, мектеп оқушылары мен мұғалімдерінің бірден полиция қызметкерлеріне хабарлап үлгергені, сонымен қатар, әлеуметтік желілерді бақылау арқылы жүзеге асты.

Кейбір мемлекеттерде атыспен күресуде оң тәжірибе бар. Мысалы Германия мен Финляндияда соңғы 15 жылда мұндай жағдай тіркелмеген. Бұл мектептердегі әлеуметтік-психологиялық қолдау жүйесінің мықты болуының арқасында. Бұл елдегі мамандар жалпы білім беру мекемесіндегі климатты қалыпқа келтіру үшін үлкен жұмыс атқарып, әрбір жеке оқушының мәселесін түсінуге тырысады. Мұндай оқиғалардың ықтималдығын азайтудың тағы бір жолы - жасөспірімді қорлаушыны дәріптемеу. Бұл көбінесе қылмыскердің жеке басына, оның девианттық мотивтеріне және шабуыл жасау техникасының сипаттамасына тым көп көңіл бөлген БАҚ кінәлі, бірақ құрбандар мен олардың жеке басы туралы айтпайды. Бұл мектеп шабуылдары контекстінде Вертер әсері деп аталатын әсерге ықпал етеді. Аризона университетінің зерттеуіне сәйкес, Құрама Штаттардағы ұқсас «жұқпалы» оқиғалар орта есеппен бірінші туралы жаңалықтар БАҚ-та пайда болғаннан кейін екі апта ішінде орын алады.

Сондықтан да мектепте психологтар әр оқушымен жұмыс жасауға міндетті. Ата-аналар балсын тыңдауға және түсінуге тырысу қажет. Ал мемлекет болса мектептердегі және жоғарғы оқу орындарындағы күзетті күшейтуге мән беру керек. Қару-жарақтарды мемлекет азаматы тек заңды түрмен алуын қадағалау керек.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Давыдов Д. Г., Хломов К. Д. Массовые убийства в образовательных учреждениях: механизмы, причины, профилактика// Национальный психологический журнал. — 2018. — № 4(32). — б. 62–76.
2. Ferguson, C. J., Coulson, M., & Barnett, J. (2011). Psychological Profiles of School Shooters: Positive Directions and One Big Wrong Turn. Journal of Police Crisis Negotiations, 11(2), 141–158.
3. Книжникова С. В. Амок: актуальность изучения нападений в школах, причины, возможности первичной профилактики // Социальная психология и общество. 2019. Том 10. № 1. б. 152–168.
4. Дозорцева Е.Г., Ошевский Д. С., Сыроквашина К. В. Психологические, социальные и информационные аспекты нападений несовершеннолетних на учебные заведения // Психология и право. 2020. Том 10. № 2. б. 97–110.
5. American Psychological Association. (2013). Gun violence: Prediction, prevention, and policy. Retrieved from.
6. Кэтрин Ньюман, Буйство: социальные корни стрельбы в школах — 2004 — б. 66-68.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз