Қазақ жастарының заманауи технологияларды игеру деңгейі және болашақтағы әсері.
Бүгінгі таңда заманауи технологиялар адам өмірінің барлық салаларын қамтып отыр. Ақпараттық технологиялар, жасанды интеллект, биотехнология, робототехника сияқты инновациялар әлемдік экономиканы, білім беруді, денсаулық сақтау мен өндірісті түбегейлі өзгертуде. Цифрландыру – көптеген елдердің негізгі даму бағытына айналды. Бұл үрдіс жаһандық бәсекеге қабілетті болу үшін маңызды факторға айналды.
Қазақстан жастары үшін заманауи технологияларды меңгеру – тек білім алып, жұмысқа тұру ғана емес, елдің болашағына үлес қосу мүмкіндігі. IT саласы, цифрлық бизнес, фриланс пен онлайн жұмыс – жастарға жаңа көкжиек ашып отыр.
Соңғы жылдары қазақстандық жастар халықаралық деңгейдегі технологиялық байқауларда жоғары нәтиже көрсетіп жүр. Мысалы, IITU және Nazarbayev University студенттері робототехника мен жасанды интеллект жобаларымен әлемдік хакатондар мен стартап байқауларында жүлделі орындар алып жүр.
Цифрлық білім беру деңгейіне келсек:Көптеген мектептер,колледждер және жоғарғы оқу орындары түрлі техникалармен,IT форматындағы технологиялармен жабдықталып отыр.
Бірақ біздің дамуымыз басқа елдерден қарағанда төмен екенін мойындау қажет. Дамыған елдерде мектептердің 99%-ы жоғары жылдамдықтағы интернетпен қамтылған, смарт-тақта, робототехника кабинеттері, AR/VR құрылғылары кең тараған.
Қазақстанда әсіресе ауыл-аймақтарда интернетке қосылмаған мектептер әлі де бар (2023 жылы шамамен 3 мың мектеп интернетсіз болды).
2023 жылы Қазақстанда 6–74 жас аралығындағы адамдардың цифрлық сауат деңгейі 90,2 % көрсеткішке жеткені туралы ұлттық статистика бюросы деректері бар.
Қорытындылай келе, қазіргі қазақ жастары заманауи технологияға қызығады, оны үйреніп, өз қабілеттерін түрлі салада дәлелдеп жүр. Ірі жобаларға қатысып, шетелде де жетістікке жетіп жатқан жастар бар. Бірақ елімізде технологияны игеру мен дамытуда аймақтық теңсіздік, инфрақұрылымның жеткіліксіздігі, сапалы білімге қолжетімділіктің шектеулігі секілді мәселелер бар.Бәріне бірдей мүмкіндік берілмеген әсіресе ауылдағы жастардың техникаға, интернетке, сапалы білімге қол жеткізуі қиын.
- Нарша Булгакбаев
- Нарша Булгакбаев
-
- Архимед
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі