Өлең, жыр, ақындар

Қарттар үйіндегі қарт мұңы

Қарттар үйіндегі қарт мұңы

 

Қоғамның дамуы мен өркендеуі – тек жастардың еңбегімен ғана емес, үлкендердің өмірлік

тәжірибесімен де өлшенеді. Өкінішке қарай, қазіргі заманда кейбір қарттар өмірінің соңғы

кезеңін қарттар үйінде өткізуге мәжбүр болып отыр. Бұл – әрбір адамды терең

ойландыратын әлеуметтік мәселе.

    Бір күні мен волонтер ретінде қарттар үйіне бардым. Сол жерде орындықта терең ойға

батып отырған қарияны көзім шалды. Қасына барып амандасып, халін сұрадым. Сол сәтте

ол кісі көз жасына ерік беріп, өзінің өмір жолын әңгімелеп берді.

Айтуынша, жеті баланы өсіріп, бәріне білім мен тәрбие беріп, үйлі-баранды еткен. Алайда

 жұбайы дүниеден өткеннен кейін кенже ұлы: «Сізге мұнда жақсы болады, бәрі қарайды»,

 – деп қарттар үйіне өткізіп кеткен екен. Қария күрсініп: «Кемпірім қайтқанда ‘Шалым,

балаларға ауыр сөз айтпа, бір күні жалғыз қалуың мүмкін’ деген еді. Сол сөзі дәл келді», –

 деді көзіне жас алып. Оның жүзінен мұң мен сағыныш, жүрегінен өкініш пен реніш  

байқалды. Бірақ соған қарамастан: «Мен балаларыма ренжімеймін, бірақ кейде неге өз

балама бір ауыз артық сөз айтпаймын деп қиналамын. Мен әкемін ғой, әке деген аты бар

 адам неге қартайғанда тастанды болып қалуы керек?» – деді.

Сол сәт менің жүрегіме қатты әсер етті. Үнсіздіктің ішінде қаншама мұң, қаншама

сағыныш бар еді. Осы әсерден кейін мен “Қарттар үйіндегі қарт мұңы” атты өлеңді

жаздым.

Сәске түске тақаған кез еді,

Қариялар отыр еді орындықта.

Өткен-кеткен әңгімені сез етіп,

Сол мезетте оңашалау отырған

Бір қария сөз бастады өз өмірінен қажыған.

Мен деді қария:

Бір емес, жеті бала тәрбиеледім,

Бірақ әлі ешқайсысынан еш жақсылық көрмедім.

Ең аяғы кенже ұлым өзімді

Осы жерге әкелді де өткізді.

Міне, содан бері үнсіз ойға баттым,

Неге бұлай болғаны деп, бармағымды тістедім.

Кемпірім бұл дүниемен қоштасқан шағында:

«Шалым, өз-өзіңе бекем бол, ешқашанда қажыма.

Балаларға артық ауыз сөз айтпа,

Қаларсың бір күні далада», – деген еді кемпірім.

Міне, сол дәл алдыма келді де,

Дәл шекеме оқ болып тиді де.

Жоқ, жоқ, мүмкін емес,

Мүмкін емес, ойламаймын мен мүлде.

Неге мен өз балама сөйлемеймін,

Артықтығы болса неге түземеймін?

Әке деген атым менің бар емес пе,

Олай болса барлық әке өмірде

Тастанды боп қалмайды ма қартайған кезінде?…

       Қарттар – халықтың шежіресі, ұлттың жүрегі. Оларды қадірлеу – адамдықтың ең биік

көрінісі. Әр адам өз ата-анасын қартайғанда жалғыз қалдырмай, қамқорлық танытса –

қоғамда жылулық пен мейірім азаймас еді.Халқымыздың «Қариясы бар үйдің – қазынасы

 бар» деген даналық сөзі бекер айтылмаған. Сондықтан әр ұрпақ үлкенге ізет, кішіге

қамқор болуды ұмытпауы керек. Қартты құрметтеу – өткенге тағзым, болашаққа аманат.

                      

Автор: Жүнісбек Асылай

«Тұран» университетінің 1-курс студенті


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар