Өлең, жыр, ақындар

Әрбір қазақ БАЙ/ТАБЫСТЫ болады. Себебі…

Өткен жылдың 30 желтоқсанында Польшаның Варшава қаласында шахматтың блиц түрінен өткен әлем чемпионатында 17 жасар қазақстандық шахматшы қарындасымыз Бибісара Асаубаева сенсация жасап 1 - орынды жеңіп алды! Турнир барысында өткен 17 ойынның 16-сында қарсыластарынан 1.5 ұпайға алға шығып, чемпиондықты алдын ала қоржынына басты. Осылайша адамзат тарихындағы чемпион атанған ең жас шахматшы болып әлемдік рекордты жаңартты!

Осы оқиғадан 2 апта бұрын тағы бір жарқын қандасымыз Иманбек Зейкенов әлемге әйгілі Spotify марапатын иеленді. Бұл мәртебе әндерін бір миллиардтан аса адам тыңдаған музыканттарға беріледі. Roses әніне жасаған ремиксін әлем бойынша бір жарым миллиардтан аса адам тыңдап, Иманбек Били Айлиш, Тревис Скотт, Адель сияқты аты шыққан әншілердің қатарынан орын алды.  Бұл марапатты осыған дейін ТМД елдерінің ешқандай өнер қайраткері ала алмаған! Ал осыдан бірер уақыт бұрын, Иманбек Гремми жеңіп алып әлемдік сенсация жасаған болатын.

Бақытымызға орай даңқы әлемге дүркіреген қазақ жастарының саны жылдан жылға еселеніп, қазақ ұлты әлемге әйгілі болып жатыр !

Бұл құбылыс кездейсоқтық емес, бұл заңдылық! Ендеше осы заңдылықтың түп тамырын зерттеп көрейік!

  • Қазақ ұлты жақын 20 жылдықта әлемдегі ең тез дамыған ұлттар қатарына кіріп әлем барысы атанады?
  • Қазақ жастарының жоғары интелекті немен байланысты?
  • Қазақ жастары өнер ғылым білім саласында сансыз жетістіктерге жететініне қандай себептер бар?
  • Осы жолда мінсіз генетикалық құрылымның алатын орыны қандай?
  • Жеті ата, қан тазалығын сақтау дәстүрі қалай пайда болды және неліктен бұл құбылыс осы күнге дейін өз орынын жоғалтпай келеді?
  • Ата бабаларымыздың даналығының арқасында Қазақ хандығы құрылған кезден бастап осы күнге дейін әрбір қазаққа берілген, асыл мұра қандай?

Осы жайлы қызықты әрі пайдалы видео материал дайындап, Youtube-та Aibekito арнасына жарияладым. Қарап көріңіздер!

Видео "Әрбір қазақ БАЙ/ТАБЫСТЫ болады" деп аталады.

Мына сілтеме бойынша ашсаңыздар болады. 

https://youtu.be/Uv73lyxyNCs

Естеріңізде болсын, Оқу - білім бұлағы, білім - өмір шырағы!

Б. Алемгер


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз