Өлең, жыр, ақындар

Мен, өмірге жаңа жолдама алған жас түлек неге ҚазҰУ-ға түскім келеді?

Мектеп - балдай тәтті бала шақтың демеушісі бола білген киелі орын. 11 жыл бойы тарыдай оқушыны өмірдің барлық иірімдеріне бейімдей отыра, парасаттылық пен адами құндылықтарды бойымызға дарытады.

Есейер шақ жетіп, мектеппен қоштасуға таяу қалған кезімізде ұстаздарымыз мамандық таңдаудан жаңылыспаудың алдын алып, барлық шараны қолданады. 

Өз басым, мектебімде үздік әрі белсенді оқушылардың алды болдым. Түрлі қоғамда маңызы бар республикалық жарыстарда бой көрсеттім. Әрине, неше түрлі деңгейлі жарыстарда жүлде алған соң,ұстаздарым менің келешегімнен зор үміт күтетін еді. Осылайша, барлық оқытушыларым менің бойымдағы дарынды журналистика атты заңғар шыңмен байланыстыратын.  Ұбт-дан алған балым көңіл көншітерліктей болған соң,  алыптарды тәрбиелеген, үздіктерге қанат бітірген Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға түсу кезекті мақсатыма айналды. Білесіз бе, еліміздегі шоқтығы биік болған университет талантты, елге танымал, қоғамда өзіндік орны мен пікірі бар журналисттерді ұштап шығарды. Бұл дегенің ғажап дүние ғой. Замана көшбасшыларының басын қосқан қара шаңыраққа мен де қанат қаққым келеді-ақ. Оның үстіне осында білім алып жатқан студенттердің пікірі де университеттің жаңа техникалармен, шексіз мүмкіндіктер ортасы екеніне саяды. 

Өңірде жүріп, өшіп қалғым келмейді. Тың серпіліс, жаңа орта, жаңаша ойлау-ауыл баласының жүрек түкпіріндегі ізгі арман. Кешегі Ахмет, Міржақып пен Мағжандардың мирасқорларына айналу-қанатым қатая бастаған кезімнен бергі өзгермейтін арманым. Бұл арманның күәгері-ҚазҰУ болғанын қалаймын.

Теміржан Көркем


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз