Өлең, жыр, ақындар

Дін мен мәдениет байланысы

Дін –адам мен Құдай арасындағы өзара байланыс арқылы адам өмірінің мәніне айналған сана формасы болып табылады. Қай халықты, қай ұлтты алсақта, соның негізгі мәдениетінің рухани діңгегі –дін болып келеді. Ол дінге сенушілердің өз сенімдеріне қатысты болып келеді. Және де оның өзіндік бір алатын орны бар. Яғни, ол қоғамдық өмірде, әлеуметтік топтарда өз орнымен ерекшеленеді.   Ал мәдениет болса –  ол адамның ақылы мен санасы мен және өз қолымен жасағандары. Жалпы мәдениет –  бұл тарихи құбылыс болып табылады. Ол қандай да бір қоғамдық жағдайларға  байланысты оның  дәрежесі де  өзгеріп отырады.  Жалпы осы ежелден қалыптасып келе жатқан дәуірлердің алмасуы осы мәдениеттің  мазмұны мен формаларына айрықша толықтырулар енгізді.  Мәдениеттің жүйе құрастырушы факторы ретінде дінді деп анықтап көрсетуге болады. Сонымен бірге осы қоғамдық құбылыстардың ішіндегі ең күрделісі дін болып есептелінеді.

        Дін-  ешқашан адам таңдамайды. Адам әрқашан  белгілі бір сеніммен өмір сүре білуі керек. Жалпы, дін – Алла Тағаладан. Ал мәдениет – адамнан. Ал адамды басқаратын нәрсе ол-дін.   Ал адам – мәдениетті басқарады.  Егерде осы мәдениет адамды басқаратын болатын болса, онда адмгершілік, адамшылдық ұғымдары жойылады. Себебі, адамды мәдениет басқара алмайды. Және де ол үшін жаратылмаған дүние болып келеді. Ол тек  адамға қызмет етуге жаралған. Негізі мәдениет – форма, ал дін – мағына деп айтуға болады.   Жалпы мәдениет тек қана осы дүниеге қызмет ете алады.  Ал дін жалпы екі дүниеге де қатысты болып келеді. Ол  екі дүниенің де мәселесін шешеді. Сонымен бірге Барлық әлемдік діндер Құдайдың жалғыз екендігін мойындайды. Сол себепті, көптеген діндерде өзара сыйыспаушылығы діннің түпкі мақсаты мен шынайы ақиқаттарды өзгертуден шығып отырады.   Дін – ізгіліктің басты белгісі болып келеді.  Адамдарды имандылыққа шақыратын басты құрал деп білеміз.

 Сонымен бірге, дін  мен мәдениеттің арақатынасының ерекшеліктерін түсінуде әртүрлі көзқарастар қалыптасқан. Жалпы, көптеген ойшылдар дінді рухани мәдениеттің ең жоғары құндылығы ретінде қарастырған. Және де, дін мен мәдениеттің арақатынасы мәселесін анықтап көрсеткен.  Дін мен мәдениеттің қарым-қатынасы жеке тұлғаның жетілдірілуімен бірге қоғамдық өмірдің өзгеруі жағдайында құндылық бағдарлар жүйесі арқылы жүзеге асады.  Мәдени құндылықтардың мазмұны діни сана мен анықталады. Сонымен бірге, оларға  сәйкес мазмұнмен толтырылған діни дүниетаным айналасында ұйымдастырылады.

        Қорытындылайтын болсақ, дінсіз қоғам болмайтындықтан, дінсіз мәдениетте болмайды. Ал діннің басты мақсаты- ол адамның рухани жетілуіне және оның Жаратушыға деген сенімі болып келеді. Дін - ол мәдениет. Ал дін мен мәдениет бір-бірімен ұштаса келе қоғамды ізгілікке шақырады. Дін мәдениеттің ажырамас бөлігі болып табылады. Әрбір мәдениеттің жүйе құрастырушы факторы ретінде діннің рөлін анықтауға болады. Адамдардың қоғамдық өмірде ертеден келе жатқан рухани жəне материалдық құндылықтарының қамтамасыз етілуі ол яғни мәдениет болып келеді. Жалпы рухани мəдениет жəне материалдық мəдениет екеуі  бір- бірімен тығыз қарым-қатынаста. Адам ең бірінші материалдық жағдайын қанағат етпесе, руханилыққа аяқ басуы мүмкін емес. Ал дін болса, осы рухани мəдениетіміздің ерекше бір салаларының бірі.

 

                                                                                                            Әл –Фараби атындағы ҚазҰУwwwkaznu.kz, дінтану мамандығы 3курс Сеитнұр А.Б

                                                                                                                                                                                                      Филос.ғ.к Кантарбаева Ж.У


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар

Пікірлер