Байқаймыз, үйленген соң ғашықтық сезім су сепкендей басылады. Кеңестеріміз әрқайсыңызды өз жұптарыңызбен бақытты етеді деп үміттенеміз.
Анығында, бұл бақытын бағаламай ажырасып тынған жанның кеңесі. Әрине, ондай адам қандай салиқалы әңгіме айтсын дейтін шығарсыз. Бірақ өзгенің қателігінен сабақ алуымыз қажет. Ендеше бақытын қолында бағалай алмаған адамның сөзіне назар аударыңыз:
1. Әйеліңізді қыз кезіндегідей күтіңіз. Өз әйеліңізбен қанша жыл бірге тұрсаңыз да оны кездесулерге шақырудан шаршамаңыз. Ол сізге ең бір қымбаттысын сыйға тартты — сенім.
2. Қорғаны болыңыз. Жүрегіңіздің түкпірінде әйеліңізден басқа ешкім болмайтынын ұғыныңыз.
3. Әйеліңізге қайта-қайта ғашық бола түсіңіз. Барлық адам өзгеруі мүмкін. Сіз де, жұбайыңыз да өзгереді. Осы себепті бір-біріңізді қайта-қайта жақсы көріп тұруларыңыз керек. Отбасы бақыты үшін күресуден шаршамаңыз.
4. Оның тек жақсы қасиеттерін көріңіз. Өз әйеліңіздің жақсы қасиеттерін ешбір әйелде жоқ тәтті қылық деп біліңіз. Әйеліңізді не үшін жақсы көретініңізді естен шығармаңыз.
5. Оны өзгертуге талпынбаңыз. Әйеліңіз қандай болса, сол қасиеттерімен сүйіңіз.
6. Өз эмоцияңызға жауап беріңіз. Сіз бақытты болуға ұмтылуыңыз керек, онымен қоса қарым-қатынасыңызды да жарқын ете түсу сіздің қолыңызда.
7. Әйеліңізді ешқашан айыптамаңыз. Әйеліңіз сіздің көңіл-күйіңізді түсірсе немесе ашуландырса, оны ешқашан айыптаушы болмаңыз. Мүмкін, ол сізді байқамай, ойда-жоқта ренжітіп алған шығар.
8. Өзі қандай болса, сондай болуына рұқсат етіңіз. Әйеліңіздің көңілі әлденеге толмай отырса, бірден араласып, жағдайды түзеуге тырыспаңыз. Сіздің мақсатыңыз оны қажет кезінде қолдай алатыныңызды, түсінетініңізді, көмекке келетініңізді ұғындыру.
9. Оның жанына азық болыңыз. Әйеліңіз сөйлейтін махаббат тілін түсінуге тырысыңыз.
10. Оның жанынан табылыңыз. Оған тек уақытыңызды ғана емес, назарыңызды, жаныңызды сыйлаңыз. Өміріңіздегі ең маңызды адамдардың бірі екенін ұмытпаңыз.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі