Өлең, жыр, ақындар

Тектіден текті туар

Абайұлы Тұрағұл ақынның сүйген жары Әйгерімнен туған, 1875 жылы Абайдың отыз жасында дүниеге келген баласы. Жасында ауыл молдасынан оқып, мұсылманша, орысша сауатын ашқан. Абай үйінде өткен келелі кештер мен әңгіме кеңесіне қатысып, жасынан рухани қазынасы құнарлы болуының үстіне кейіннен өздігінен ізденіп орысша, арабша оқып білімін жетілдірген.

Абай қайтыс болған соң әкесі туралы алғаш рет естелік жазып қалдырған Тұрағұл еді. Ол М.Әуезовке «Әкем туралы» деген көлемді естелік жазып берген. Ол естеліктердің қысқаша нұсқасы 1933, 1939-1940 жылдары Абай шығармалары жинағында, баспасөз беттерінде жарияланған. Бұл естеліктің кей тұстарын М.Әуезов «Абай жолы» эпопеясын жазғанда мықтап пайдаланған.

Ол Ә.Бөкейхан, М.Дұлатұлы, Ж.Аймауытов сынды Алаш қайраткерлерімен тығыз қарым-қатынаста болған. 1909 жылы немере ағасы Кәкітаймен бірге Петербургте Абайдың шығармалар жинағын кітап етіп шығарды.

1928 жылы Шымкентке жер аударылған Тұрағұл бірнеше жыл ауыр азап көріп, 1934 жылы дүниеден өтті.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз