Ананың есебі

Басты бет / Әңгімелер, Мақалалар / Ананың есебі

Ананың есебі — Әңгімелер, Мақалалар бөліміндегі материал.

Материал — ана, бала, Ананың есебі — осы тақырыптарға байланысты.

Ертеде Күйік деген қаланың маңындағы Жылуан өзенінің бойында кемпір мен шал өмір сүріпті. Қартайғанда көрген Есен есімді жалғыз баласы болыпты. Есеннің әкесі отбасын асырау үшін күн сайын дарияға ау салып, балық аулап нәпақасын сонымен табады екен. Анасы болса күнде бақшалы жердің басына барып, күн ұзаққа кетпені қолынан түспейтін болыпты. Есеннің өзі бұғанасы қатпаған әлі жас бала болғандықтан бір мезгіл үй жұмысын істеп, содан соң ауқаттан артылған балықты қала базарына барып сатып келеді екен. Сөйтіп жүргенде бір күні ұйқыға кетер алдында Есенге тосын ой келіп, қағаз бетіне жазып, анасының жастығының астына жасырып өзі ұйықтап қалады.

Таңертең анасы төсегін жиған кезде жастығының астынан бір қағаз тауып алады. Ондағы жазу мынау екен:

«Анасының Есенге күнделікті берешек ақшасы:

— балықтарды тазалағаны үшін – 50 теңге,

— отын жинағаны үшін – 30 теңге,

— тіл алғыш бала болғаны үшін – 50 теңге,

— от жаққаны үшін – 50 теңге, барлығы 180 теңге».

Кешке Есен базардан келсе анасы оның сұраған ақшасын дайындап қойған екен. Бала ақшаны көргенде қатты қуанады. Анасы теңгелерге қоса бір жапырақ қағаз да қалдырыпты. Онда былай деп жазылған екен, — «Есеннің анасына беретін қарызы;

— Осы үйде өткізген 10 жыл бақытты өмірі үшін – ештеңе,

— 10 жыл ішінде ішіп-жегені үшін – ештеңе,

— Ауырған кездегі бағым-күтімі үшін –ештеңе,

— Жақсы ана болғаны үшін – ештеңе. Барлығы: ештеңе.

Қағазды оқыған Есен ұялғанынан қызарып кетіп, бақшада жүрген анасына жүгіріп барып, кешірім сұрап, ақшаны қайтарып беріпті.



WhatsApp Telegram

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ананың есебі деген не?

Бұл бетте Ананың есебі тақырыбы бойынша негізгі материал берілген.

Бұл мақала қай бөлімге жатады?

Бұл материал Әңгімелер, Мақалалар бөліміне жатады.

Осы тақырыпқа ұқсас материалдарды қайдан табуға болады?

Ұқсас материалдарды осы беттегі тегтер, бөлім сілтемелері және төмендегі қатысты материалдар арқылы көруге болады.

Осы тақырыпқа қатысты басқа материалдар

Ананың есебі материалы Әңгімелер, Мақалалар бөліміне жатады. Осы тақырыпқа жақын жазбаларды бөлім, тег және автор сілтемелері арқылы табуға болады.

Әңгімелер, Мақалалар бөліміндегі басқа материалдар ана тақырыбындағы материалдар бала тақырыбындағы материалдар Ананың есебі тақырыбындағы материалдар