Өлең, жыр, ақындар

Кресттік жорықшылардың Құдыстағы ойраны

15 шілде 1099 жылы кресттік жорықшылар Құдысқа (Иерусалим) кіріп 70000 мұсылманды жауыздықпен өлтірді. Гиодофрой де Буййон Папа ІІ. Урбанға жазған хатында былай дейді:

«Құдыстағы бүкіл мұсылмандардың көзін жойдық. Сүлейман ғибадатханасында аттарымыздың тізесіне дейін мұсылмандардың қанын кешіп жүрміз...»

Рене Г. Роуссет есімді тарихшы жоғарыдағы айтылғандарды растап оған мына мәліметтерді қосты:

«Кресттік жорықшылар Құдыста көптеген мұсылмандарды қырғынға ұшыратықаны соншама аттарының аяқтары қан дариясын кешкен сайын адам еттері дуалдарға ұрыла берді...»

Рыцар Гестаның бұл жөнінде айтқан мәлімдемесі: «Мұндай қырғынды ол күнге дейін әлі ешкім көрмеген де, естімеген де болса керек. Өліктер пирамида секілді үйінді үйінді күйде өртелді. Сандары қанша екендігін бір құдай біледі. Мұсылман және мусауи (Мұса алейһиссаламның дінінде) болған адамдардан ешқайсысы бұл қырғыннан аман қалмады...»

Оқуға кеңес береміз:

Салах әд-Дин Әйюби


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз