Адам тойымсыз, ашкөз келетіндіктен бе, жемқорлық, парақорлық індеті көп елдердің жазылмас жарасы болып табылады. Тек өзінің пайдасын, тек өзінің қалтасын ойлау, ел пайдасы мен зиянынан бұрын өз пайдасын ойлайтындардың көбеюі кез келген мемлекет үшін пәлекет. Парақорлық бүкіл діндерде күнә саналады және мемлекеттердің заңдарында да мемлекетке қарсы жасалған қылмыс болып табылады. Пара алу да, беру де дінімізде күнә. Хадис шәрифтерде былай делінді:
«Пара алғанға, бергенге және олардың арасында параға арашы адамға да Аллаһ лағынет етсін». (Хаким)
«Пара алған да, берген де тозақта». (Табарани)
Мемлекеттің қоғамдық қызметтерді атқаруы үшін және елге көмектесу, ауырын жеңілдету үшін тағайындалған заңды тұлғалардың пара алуы халықтың мемлекетке деген сенімін сейілтеді. Лайық болмаған адамдарды жұмысқа алу үшін пара алу елдің тізгінін сауатсыз, қабілетсіз қолдарға тапсырумен тең.
Парақорлық — елді рухани жағынан да, материалдық жағынан да аздыратын індет. Парақорлық пәлекетін жою үшін ислам ахлақымен (мінез-құлқымен) мінездену керек. Өйткені ислам ахлақымен мінезденген мұсылман ешкімнің ақысын жемейтіні, әділетсіздік етпейтіні сияқты, әділетсіздік орын алуына да разы болмайды. Мұсылманда Аллаһ қорқынышы болатындықтан парақорлыққа себепші болудың өзінен де жыртқыш аңнан қашқандай қашады. Сондықтан балаларымызды, жастарымызды ислам ахлақымен жетілдіруіміз ең басты міндеттеріміздің бірі.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі