Қазіргі күніміздің медицинасы тіс саулығы тұрғысында жаңадан шығара бастаған емдеу жолдарын Ислам діні 14 ғасыр бұрын үйреткен. Тістің саулығына өте пайдалы мисуак — ең қарапайым және ең жақсы тазалағыш болып табылады. Тістердің шіруінің алдын алу үшін мисуак қолдану өте пайдалы. «Larousse illustre Medical»атты медициналық кітапта: «Барлық тіс пасталары және ұнтақтары тіске зиянды келеді. Ең дұрысы қатты тіс щеткасын қолдану. Басында тісті қанатса да қорықпау керек. Тістің еттерін күшейтеді, одан кейін қанамайтын болады» деп жазылған.
Тіс пасталары ауыздағы пайдалы, зиянды бүкіл микробтарды өлтіреді. Ал мисуак тек зиянды микробтарды өлтіреді. Мисуак дәреттің сүннеті, Шафииде намаздың сүннеті. Хадис шәрифтерде былай делінген:
«Мисуак қолданып оқылған намаз, мисуаксыз оқылған намаздан жетпіс есе артық». (И. Нәжжар)
«Егер үмметіме қиындық бермейтіндігін білгенімде, әр намаз үшін дәрет алуды және әр дәретте мисуак қолдануды әмір етер едім». (Бұхари, Мүслим)
«Ауыздарың — Құранның жолы, мисуакпен тазалаңдар». (Әбу Нуайм)
«Пайғамбарлардың бес сүннеті: ұяттылық, жуастық, қан алдыру, мисуак және әдемі иіс». (Табарани)
«Мисуак еркектің сөйлеу өнерін арттырады». (И. Адий, Хатиб)
«Мисуак ауызды тазалайды, көздің көруін жақсартады, тіс еттерін күшейтеді, тісті ағартады және құрттауының алдын алады, ас қорытуды жеңілдетеді, асқазанның жұмысын жақсартады, қақырық кетіреді, жақсылықтарды арттырады. Мисуак қолданған адам Аллаһу та’аланы разы етеді, періштелерді қуантады». (Әбу Нуайм)
Мисуактың отыздан астам пайдасы бар. Ең төмені қиыншылықты кетіреді, ең жоғарысы өлім алдында шәһадат калимасын айтуды еске салады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі