Тамақтану мен дастарханға отыру мәдениеті

Басты бет / Салт-дәстүр / Тамақтану мен дастарханға отыру мәдениеті

Тамақтану мен дастарханға отыру мәдениеті — Салт-дәстүр бөліміндегі материал.

Материал — Тамақтану, дастархан, мәдениет — осы тақырыптарға байланысты.

— Қазақта таңғы асын ішпей шаруаға аттанбаған. Ең болмағанда бір үзім нан жеп кетуі керек. Асығыс адамның «нан ауыз тиейін», немесе «нан ауыз тисеңізші» деп жататыны да осыдан.

— Қолды жумай дастархан басына отырмайды. Қонақтарға тамақ берердің алдында және соңында үй иесі келгендердің қолына жылы су құйып, қолын шаюына жағдай жасайды.

— Дастархан басында отырғандарды ішіп-жеуге зорламау керек. Әр адам өзіне ұнаған дәмнен жеп, тәбетіне қарай ас ішеді. Бірақ ас ұсыну — жақсы қасиет.

— Тамақ жеуге кірісерде «Бисмилләһ» айтып, дұға оқып, бата беріп бастайды. Ең алдымен бір жапырақ нанды үзіп жеп барып, астан алады.

— Шайды ыстық күйде де, суық күйде де ішпейді. Асқазанға зиян.

— Ыстық тамақты,не шайды суыту үшін үрлеуге болмайды. Сүтті де үрлеп ішпейді. Тамақтың ырысы қашады деседі.

— Тамақ ішіп отырып қақалып қалған жанға «Май қап!» деп арқасынан қағады.

— Үстел басында тамақты, айталық, қолдан пісірілген нанды басқа бір нәрсемен салыстырып, жамандауға болмайды. (Мына нан қатты екен, піспей қалыптығой т.б)

— Тамаққа тойған болсаңыз «Әлхамдулилләһ», «Шүкір, қанағат» айтып үй иесіне рахмет айқан жөн.

— Нанды не тамақты тауысып ішпей қалдырып кетуге болмайды. Соңына дейін тауысып ішкен жөн. Бұл берекені білдіреді.

— Дастарханды, асты аттауға болмайды. Бұл — асты сыйламауды білдіреді.

— Тамақ тұрған үстелге қарай жөтелуге, түшкіруге болмайды. Бұл — мәдениетсіздік.

— Дастарханға отырғандардың бәрі тамақ жеп болмай, үлкендер бата бермей, үстелден тұрып кетуге болмайды.



WhatsApp Telegram

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тамақтану мен дастарханға отыру мәдениеті деген не?

Бұл бетте Тамақтану мен дастарханға отыру мәдениеті тақырыбы бойынша негізгі материал берілген.

Бұл мақала қай бөлімге жатады?

Бұл материал Салт-дәстүр бөліміне жатады.

Осы тақырыпқа ұқсас материалдарды қайдан табуға болады?

Ұқсас материалдарды осы беттегі тегтер, бөлім сілтемелері және төмендегі қатысты материалдар арқылы көруге болады.

Осы тақырыпқа қатысты басқа материалдар

Тамақтану мен дастарханға отыру мәдениеті материалы Салт-дәстүр бөліміне жатады. Осы тақырыпқа жақын жазбаларды бөлім, тег және автор сілтемелері арқылы табуға болады.

Салт-дәстүр бөліміндегі басқа материалдар Тамақтану тақырыбындағы материалдар дастархан тақырыбындағы материалдар мәдениет тақырыбындағы материалдар