Ағыбай батыр

Басты бет / Тарих / Ағыбай батыр

Ағыбай батыр — Тарих бөліміндегі материал. Бұл беттен тақырыптың мазмұнын оқып, негізгі ойымен таныса аласыз.

Егер сіз Ағыбай батыр бойынша ұқсас материалдар іздесеңіз, төменде берілген байланысты сілтемелерді де қарап шығуға болады.

Ағыбай Қоңырбайұлы, Ағыбай батыр (1802-1885) — қазақхалқының тәуелсіздігі үшін күрескен әйгілі батыр, қолбасшы. Қазақ ханы Кенесары Қасымұлының Ресей отаршылдығына қарсы жүргізілген көтеріліс басшыларының бірі.

Ағыбай батыр жорықта жолы болғыштығы үшін «Ақжолтай батыр» атанған. Сарбаздары Абылай есімімен қатар Ағыбай батырды да ұранға айналдырған. Ағыбай батыр 1824 жылы Қарқаралы аймағында Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы көтеріліске белсене араласты. 1826-1849 жылдар аралығында Ресей империясының Қарқаралы, Ақтау, Ақмола бекіністеріне шабуыл жасап, патша әскерлерін Ырғыз, Тобыл бойындағы ұрыста, Қызылжар, Көкшетау шайқастарында ойсырата жеңген. Қазақ батыры Орманға қарсы соғыстарда ерекше ерлік көрсеткен. 1847 жылы Кенесары ханның Кекілік тауындағы қырғыздармен ұрысында Наурызбай батырме нбірге дұшпан шебін бұзып еткен. Кенесары өлгеннен кейін де Ресей өктемдігіне қарсылығын тоқтатпай, Сыздық төре қолы құрамында соғыс жүргізген. Ағыбай батырдың мазары Сарыарқа мен Бетпақ даланың шектескен Тайатқан-Шұнақ деген жерінде, сонда жерленген.

Кенесарының бас батыры Ағыбай батырдың өмір жолы қазақ тарихшылары мен қаламгерлерінің шығармаларына арқау болған. 19 ғасырдың аяғында «Ағыбай батыр» қиссасы шықты. Ағыбай Нысанбай жыраудың «Наурызбай-Қаншайым» жырының, I. Есенберлиннің «Қаһар» романының бас кейіпкері.1914 жылы Есім төренің көмегімен Әлихан Бөкейханов Қазанқаласынан «Қызыл қайнар Тектұрмас» деген кітабын шығарды.Сәкен Сейфуллин «Ақжолтай батыр» деген роман жазған. 1992 жылы Айыртау-Сопыда батырдың туғанына 190 жыл толуына байланысты республика дәрежесінде үлкен той етті. Ұрпақтары Ағыбайға үлкен кесене салды. Ол 1980 жылы күрделі жөндеуден өтіп, басына құлпытас қойылды.



WhatsApp Telegram

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ағыбай батыр туралы не білуге болады?

Бұл бетте Ағыбай батыр тақырыбына қатысты негізгі мазмұн берілген.

Бұл материал қай бөлімде жарияланған?

Материал Тарих бөлімінде жарияланған.

Осыған ұқсас материалдарды қайдан көруге болады?

Тақырыпқа жақын басқа материалдарды төмендегі қатысты сілтемелер мен бөлім беттері арқылы қарай аласыз.

Осы тақырыпқа қатысты басқа материалдар

Тарих бөліміндегі басқа материалдар Ақжолтай батыр тақырыбындағы материалдар Ағыбай Қоңырбайұлы тақырыбындағы материалдар Ағыбай батыр тақырыбындағы материалдар Ресей отаршылдығына тақырыбындағы материалдар Кенесары тақырыбындағы материалдар