Өлең, жыр, ақындар

Қызықты математика

​ ​ ​ Бағбандар

​ ​ ​ ​ ​ Дияр мен Зара көктем шыға салысымен бақшаға көкөніс егуге кіріседі. Өнім үлкен әрі дәмді болуы үшін көшеттің астыңғы жапырақтары мен артық бұталарын қиып, нәр беретін су сеуіп отырады.
​ ​ ​ ​ ​ Он литр суға 1л сүт, бор қышқылы, он тамшы иод қосып,​ бір күнге қалдырады. Сосын таңғы және кешкі салқында, сондай-ақ салқын күндері осы сумен бақшаны жаңбырлатып суарып отырады.​ Ал өсімдік тамырына қарашірік сеуіп,​ әрі тамырына бірнеше мәрте топырақ үйіп отырады.​ Мұны "түптеу" дейді.​ Түптелген өскін мол әрі құнарлы жеміс береді!
​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Биыл да балалар бір көшеттен​ 20 кг қияр, қызанақтан алды! Ал бақшада мың түп көшет бар. Қане балақайлар, егер мың түп көшеттің​ барлығы 20 кг өнім берсе, балалар неше кг өнім алады? Ал 1000 кг өнімді 150тг-ден сатса, қанша пайда көреді?

​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Кішкене кәсіпкерлер
​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​
​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Арайлым мен Кәусар өз кәсіптерін бастағылары келіп,​ бірақ қалай бастайтындарын білмей жүрген еді...! Анасы қыста жейтін салат жасаймын деп, үйге​ қорап-қорап көкеніс алып келді! Ғаламтордан әртүрлі салаттар мен​ тосаптардың бейнебаянын көрген қыздар,​ көмекке кірісіп те кетті! Арайлым​ ұзынша капустаны төртке бөліп, тұз сеуіп,​ ыстық суға өлтіріп алып, қызыл бұрыш жағып 20л "шимши" салатын жасады!
​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Кәусар қара өрікті блендрден өткізіп,​ оған 1 лимон мен 2 мандарин қосып, 30 л тосап қайнатты! Сосын қыздар 2 литрден 10 банка лечо мен 3 литрден 10 банка тұздалған қияр мен қызанақ жапты! Қыздар қысқа неше литр салат-тосап қайнатты? 300гр шимшиден ұзынша целофан қаптарға салып, әр данасын 200 теңгеден 37 данасын сатса, неше пайда табады?
 

​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Кәмила сіңлісі Карина екеуі он сиыр сауады! Әр сиырдан 8 литрден сүт алады. Биыл жазда олар 30кг құрт, 15 кг май, 150 литр​ ​ сүт сатты...!
​ ​ ​ ​ Құрттың 1 килосы 1300 тг.
​ ​ ​ ​ Майдың 1 килосы 1500 тг.
​ ​ ​ ​ ​ Сүттің 1 литрі 180 тг.
​ ​ ​ ​ ​ Қыздар бір жазда қанша пайда тапты?


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Айсултан

Кушти оте

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер