Абай мен Зере (көрініс)

Басты бет / Оқушыларға пайдалы ақпараттар / Мұғалімдерге пайдалы ақпараттар / Оқушылардың өзге жұмыстары / Абай мен Зере (көрініс)

Абай мен Зере (көрініс) — Оқушылардың өзге жұмыстары бөліміндегі материал.

Материал — Мектеп сахнасына арналған көрініс, Абай, Зере, Абай жолы — осы тақырыптарға байланысты.

(Көрініс)

Сахнада кимешек киіп, ұршық иіріп Зере (Тоқбала) әже отырады.​ Сырттан ентігіп кірген бала Абай:

- Әже, Кәрі әже деймін!

- Ау, Телқара! Құлыным?! Бірнәрсе дедің бе? (Кимешегінен бір құлағын сыртқа шығарып,​ жүзін Абайға бұрады. )

-​ Үйге бір топ аттылы кісі келді...! Ішінде қу тілді, сары жігіт бар екен.​ Мені көріп: "мына Шаншардың жаман жиенін, әкесі жоқта жақсылап қамшылап алайын ба?" - деп,​ мазақ қылды...​ Анамнан сұрайын десем, қонақтан қолы босар емес?! Менің нағашымның есімі​ - Тұрпан емес пе? Ендеше мына шатақ сары, неге мені "Шаншардың жиені"- деп,​ жек көріп тұр?

-​ Әп, бәрекелді құлыным! Жігіт болып, жеті атасын түгендеуге жараған Телқарадан айналдық! (Әжесі ырза кейіппен азырақ күліп алып):

-​ Ұлжан келінім Орта жүз, Қаракесектен тарайтын Шаншардың тұқымы!​ Шаншардың Нұрбике деген әйелінен туған Бертіс биден: Мөшке, Битен, Шитен деген немерелері өрбиді. Битеннен - Қантай, Тонтай, Тұрпан, Тұрпаннан - сенің анаң Ұлжан мен Молқара апаң дүниеге келген. Ұлжанның әкесімен бірге туысқан ағалары Қонтай, Тонтай қалжыңымен даңқы жайылған, белгілі мысқылшыл, тапқыш күлдіргілер болған. Бұл әдет Бертіс, Шаншар руына түгел жайылған мінез. Көрші ел, Шаншардың қулары дегенде: кісіні жазым қылып кететін ит-құсты сөз қылғандай сөйлейді. Жәрмеңке сияқты қалың жиындарда, бір жерде тобымен жиылып, күліп сөйлеп келе жатқан Шаншарды көрсе, көп елдің кісілері: "ойбай, Шаншар келе жатыр!" деп өрттен қашқандай дүркірей қашады екен. Бұл әдет Шаншардың мысқыл, мазаққа ұста болып, тауып айтқыш өткір тілдігінен туған нәрсе. Қандай жанның болса да мінін таппай қоймайды, мінін тауып алса түңлігін ұшырғандай қылып соқтығады. Сөз табуымен кімнің де болса есін шығарып, есеңгіретіп кетеді. Жаңағы сары жігіт те Шаншардың уытты әзіліне ілігіп, ішіне кек тұтып жүрген біреу болды ғой...?! Ас пісіп, қонақтармен жүздескенше, нағашыларың жайлы біраз әңгіме қыла тұрайық?!

Абай:

- Ол кісілерден тараған бір сықақ сөз бар ма әже?

Зере:

- Е, неге болмасын? Көп қой құлыным! Тонтай нағашың қай бір жылы қатты сырқаттанып, үшкіртуге тағы молда шақыртпақ болған бала-немерелеріне: "Жазыла-жазыла қожа-молдадан да ұят болды, енді өлмесек болмас"-деп, өз бетін өзі жауып, пәниден бақиға күліп аттанған десіп жүр жұрт! Анаңда да кесек сөйлейтін шешендік, осып сөйлейтін өткірлік барын талай байқағанмын...! Әркім жатырына тарта туады...! Нағашыларың сөзге ұста, өз аталарың мінезді болғанда, олардан қашып сен қайда бармақсың...?! Бұйыртса,​ сен де шешен, турашыл,​ ақылды боласың құлыным!

Абай:

-​ Әже! Кәрі әжем менің! Сіз болмасаңыз соншама ертегі, дастан, аңыз-әңгімелер мен шешендердің сөздерін, кім айтып берер еді маған?! Сіз бір жатқан алтын сандықсыз ғой?!

Зере:

-​ Қоңыр қозым-оу, менің! Құйма құлағым! Қане, ендеше! Кәрі әжеңе жаттаған дастандарыңның бірін айтып бере қойшы...?!
​(Осы кезде сырттан келген тағы бір бала):

Бала:

-​ Кәрі әже! Ас дайын болып қалды! Отауға жүріңіз! - дейді.

Зере:

- Қане, Телқара! Қонақтарды күттірмей, асты суытпай, отау үйге баралық! Әңгіменің дәмдісі мен қымыздың балдысын сол жерде жалғайық?! Қане, қолымнан тарта ғой! Әуууп біссмілләһ!

(Әжесі мен Абай сахнадан кетеді.)



WhatsApp Telegram

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Абай мен Зере (көрініс) деген не?

Бұл бетте Абай мен Зере (көрініс) тақырыбы бойынша негізгі материал берілген.

Бұл мақала қай бөлімге жатады?

Бұл материал Оқушылардың өзге жұмыстары бөліміне жатады.

Осы тақырыпқа ұқсас материалдарды қайдан табуға болады?

Ұқсас материалдарды осы беттегі тегтер, бөлім сілтемелері және төмендегі қатысты материалдар арқылы көруге болады.

Осы тақырыпқа қатысты басқа материалдар

Абай мен Зере (көрініс) материалы Оқушылардың өзге жұмыстары бөліміне жатады. Осы тақырыпқа жақын жазбаларды бөлім, тег және автор сілтемелері арқылы табуға болады.

Оқушылардың өзге жұмыстары бөліміндегі басқа материалдар Мектеп сахнасына арналған көрініс тақырыбындағы материалдар Абай тақырыбындағы материалдар Зере тақырыбындағы материалдар Абай жолы тақырыбындағы материалдар gumakanapia жариялаған басқа материалдар