Өлең, жыр, ақындар

Әлемдегі ең таза суы бар орындар

Мұхиттардан таулы көлдерге дейін және лагуналардан джунглиларға дейін планетамыздың 71% су қамтиды. Уақыт өте келе сулардың шекаралары мен аттары ауысты. Тек бір нарсе ғана өзгеріссіз қалды – жыл сайын өзінің кристалды таза және  керемет көк суымен ол сулар мыңдаған адамды қызықтырады. Планетамыздағы ең мөлдір сулары бар орындарына бірге аттанайық.

Ко-Пхи-Пхи, Таиланд

Бұл жер екі үлкен және бірнеше кіші аралдардан тұрады. Сулары өзінің мөлдірлігімен танымал

Морейн көлі, Канада

Көл Банф Ұлттық саябағында орналасқан, суы мұздықтар арқылы толып тұрады. Мұздықтардың шөгіндісінен судың түсі көк-жасыл. Көлдің суреті  Windows 7-де фондық сурет ретінде пайдаланылды.

Навайо жағажайы, Греция

Жағажай жыл сайын мыңдаған туристерді қызықтырады.  Жағажай әктасты жартастарымен және таза суымен танымал. Бейсджампинг үшін ең керемет орын.

Бес гүл көлі, Қытай

Көл Қытай қорығы әрі ұлттық саябағы  болып табылатын Чзючжайгоу  аңғарының  бір бөлігі. Таяз көлдің мөлдірлігі соншалықты келушілер  көлдің түбінен құлаған ағаш діңдерін көре алады. Сонымен қоса қоршаған орманның судағы көрінісі тамаша.

Панари аралы, Жапония

Тайваннан шығысқа қарай жүздеген миль қашықтықта орналасқан Жапонияның ең шалғай бөлігі.

Дженни көлі, АҚШ

Вайоминг штатының солтүстік-батысында,  Гранд-Титон Ұлттық саябағында орналасқан.

Үлкен Барьерлік риф, Австралия

Әлемдегі ең үлкен маржан рифтерінің жүйесі. Дайвинг үшін ең танымал жер. Судың мөлдірлігі соншалықты, риф космостан көрінеді.

Кайо Кочино, Гондурас

Біздің тізіміміздегі көзге түсетіндей емес орын. Бұл жер Гондурас үкіметінің қорғауында және коммерциялық кәсіпшілік үшін жабық.

Корфу, Греция

Корфу жағасындағы сулар өте мөлдір және кристалды таза. Аралға бүкіл әлемнен саяхатшылар келеді,  Ұлыбритания, Германия мен Скандинавия елдерінен көбірек келеді.

Уайтхэвен-Бич, Австралия

Бұл жағажайдың құмының 98% кремний диоксидінен тұрады. Соның нәтижесінде құмның текстурасы  әдемі және түсі де ашық ақ. Судың көтерілуі кезінде ақ құм мен көкшіл су бірігіп,  жағалауда теңдесі жоқ, тамаша өрнектер қалдырады.

Тулум, Мексика

Тулум жағалаудағы жақсы сақталған майя қалаларының бірі. Жыл сайын мыңдаған саяхатшыларды өзінің ақ құмымен және мөлдір суымен қызықтырады.

Пейто, Канада

Пейто - Банф Ұлттық саябағында орналасқан. Судың ашық түсі мен формасы (үлкен қасқырдың басына ұқсайды) көлді қолдан салынған сурет сияқты көретеді. Таулы ұнның көптігінен және мұздықтардың ағуының шөгінділерінің нәтижесінде Пейтоның түсі көгілдір.

Бора-Бора, Француз Полинезиясы

Су бетінде орналасқан  тамаша курорттардың отаны. Бұл жер өзінің таза көгілдір суымен және майда ақ құмымен туристерді қызықтырады.

Пукаки көлі, Жаңа Зеландия

Судың тамаша көк түсі мұзды ұнның арқасында. Маккензи бассейнінде солтүстіктен оңтүстікке қарай  бір-біріне параллель орналасқан үш көлдің ішіндегі ең үлкені.

Мальдив аралдары

Үнді мұхитындағы аралдар тізбегі.

Муреа, Француз Полинезиясы

Көгілдір суы және қоршаған табиғат көрінісінің арқасында Муреа шәрбат айын өткізушілерге танымал жер. Кейбір жиһангездер оны әлемдегі ең әдемі арал деп есептейді.

 Сан-Блас аралы, Панама

Панаманың солтүстік жағалауында орналасқан.

Тахо көлі, АҚШ

Ұлы көлдерден кейінгі АҚШ-тағы ірі көл.

Линапакан, Филиппины

Арал шалғайдағы Палаван провинциясында орналасқан.  Тыныш жағажайлармен және таза сумен қоршалған.

Байкал, Ресей

Әлемдегі ең терең, әрі табиғи тұшы су қоймасы. Оның ені 25 пен 80 километр арасында ауытқиды,  ал бетінің ауданы Бельгия, Нидерланд және Дания елдерінің  аумағына тең.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (3)

Әбілмажанова Шолпан

Өте жақсы. Мен мақала ,ашық сабақ жарялайындеп ем қалай жариялауға болады?

Айсана

Керемет мәліметтер

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар