Өлең, жыр, ақындар

Құттықтаймыз!

Сәкен Иманасовқа

Сырласатын дәуірменен, ғасырмен,
Бірге туған құдірет жыр — асылмен.
Ақын Сәкен, — өлкеміздің өрені, —
Құттықтаймыз кемелденген жасыңмен!
Елу жаста Сәкеніміз — жаны ізгі,
Алакөлде салып едің сан ізді.
Ақындыққа ұмтылған сол ұлы жол
Талапкерден басталатын тәрізді.
Осы жерде жырың сенің гүл атты,
Жүгендедің асау Пегас — пырақты.
Оттан ыстық Отан сөзі сен үшін
Алакөлден басталатын сияқты.
Елу жылда ел жаңарды, көгерді,
Кемел жасқа келдің биыл сен енді.
Көтерілдің биіктерге алқынбай,
Артқа тастап талай асу, белеңді.
Елу — тал түс, алыс әлі екінді,
Жырың қазір бір биікке бекінді.
Алакөлдік арынды асау ақындық
Бір өзіңнен басталатын секілді.
"Жаңа өмірде" қаламыңды шындадың,
Жер тарпыды асау тұлпар — жырларың.
"Адырнаңды" ала егіздей мөңіретіп,
Жыр — садағын шірей тартып тұрғаның.
Осылайша өте берсін асыл күн,
Жарқырай бер, сынығы едің асылдың.
Елу деген өзің үшін түк емес,
Арқалайтын тұтас жүгін ғасырдың.
Талдықорған облысы, Алакөл аудандық

"Жаңа өмір" — "Новая жизнь" газеті редакциясының коллективі.
ҮШАРАЛ ҚАЛАСЫ, 2 МАЙ 1988 ЖЫЛ


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз