Корейская косметика премиум класса

Түскі тамақ пен кешкі тамақ

Таңертең бала ешбір жұмыссыз үйде отырды. Түскі асты ішетін уақытта шешесі ет пен сорпа әкелді, бала сорпаны татып қарады да: бүгін сорпа дәмсіз екен деді. Шешесі айтты: бұл дәмсіз болса, кешке дәмді сорпа пісіріп берермін деп. Түскі тамақтан соң әкесі шөп тасыды. Баласы аттың басына мініп, шөптің төбесіне шығып, бек шаршап, кешке үйіне келді. Кешкі тамаққа түстен қалған сорпаны, нанды дастарханның үстіне қойды. Баласы сорпаны татып байқады да айтты: «түстегі сорпаңнан мына сорпа дәмдірек деп».

Сонда шешесі айтты: бұл түстегі сорпаның қалғаны еді, саған бұл сорпаның дәмді болғаны — сен түстен кейін жұмыс қылып бек шаршадың. Таңертең ешбір жұмыссыз үйде тек отырған соң, ас саған дәмсіз көрінді деп.


Қарап көріңіз

×