Өлең, жыр, ақындар

Арыстан, есек және түлкі

Арыстан есек және түлкі жолдас болып аң аулауға шықты. Аулап алған аңын арыстан есекке бөл деді. Есек байғұс ақкөңілмен барлық аңды тегіс етіп үшке бөліп, енді ала беріңдер деді. Арыстан ашуланып есекті жеп, енді сен бөл деді түлкіге. Түлкі барлық аңды бір жерге жинады да, өзіне титтей бөліп қалдырды. Арыстан қарады да, айтты: кім үйретті саған бұлай бөлуді? деп. Түлкі есектен үйрендім деді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз