Өлең, жыр, ақындар

Бөгелек

Бөгелек - жарғаққанаттылар отрядына жататын жәндіктер. Олар - соналар тобының бір түрі.

Еуропалық бөгелектер Американың шығыс жағына алғаш рет 1800 жылдары келген.

Аналық бөгелектің ұзындығы - 5,5 см. Аталықтары жұмысшы қызметін атқарады және дене тұрқы кішірек болады.

Бөгелектердің көздері тереңдей шұңқырлана орналасқан. Қанаттары сарғыш бурыл түсті, құрсағы қызғылт сары түсті. Денесінің үсті қоңыр жолақтармен көмкерілген.

Бөгелектің шаққаны адамдарда ауырсыну сезімін тудырғанымен, оның уының әсері бөгелектердің түріне байланысты әртүрлі болады. Сондай-ақ шаққан жерінің қаншалықты терең болуына байланысты уының мөлшері де әртүрлі таралады. Соның әсерінен туындаған аллергиялық реакциялар медициналық көмек көрсетілмеген жағдайда өлімге әкелуі мүмкін.

Бөгелек түнде белсенділік танытып, түнде ұшатын жәндіктерді аулап, дернәсілдерін қоректендіру үшін ұяларына тасиды.

Бөгелек уын жәндіктерді өлтіру үшін қолданады. Қауіп төнген жағдайда ұяластарына белгі беріп, көмекке шақыра алады.

Оның ұясы жақын жерде болса, жануарлар үшін де, адамдар үшін де үлкен қатер туғызады.

Ұяларын қағаз және ағаш қойыртпақтан ағаш қуыстарына, шатырларға салады. Шіріген ағаш діңгектері мен бұталарын пайдаланатындықтан, қоңыр түсті болады.

Ересек аталықтары ұя салуға қатыспайды, олар дернәсілдерді бағумен айналысады.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Али

Керемет!!

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар