Өлең, жыр, ақындар

Жәндіктер туралы қызықты мәліметтер

Жәндіктер, не бұнақденелер, немесе шыбын-шіркейлер, ескі атауы насекомдар (лат. Insecta) – буынаяқтылар типіне жататын омыртқасыз жануарлар класы.

Жәндіктер туралы қызықты мәліметтер

- Әлемде аралардың 20 мыңға жуық түрі бар. 500 гр бал жинау үшін аралар 2 миллионнан аса гүлдерден нектар жинауы керек.

- Әлемде құмырсқаның 8800-ге жуық түрі бар, сондай-ақ құмырсқалар ешқашан ұйықтамайтын жәндіктер болып табылады.

- Таракан ұрғашысы жылына 2 миллион жұмыртқалайды, сонымен қатар таракан 9 күн бойы өзінің басынсыз өмір сүре алады.

- Әлемде өрмекшінің 35 мың түрі бар.

- Қоңыздардың 400 мың түрі бар.

- Шыбынның жылдамдығы сағатына 8 км-ді құрайды.

- Шегірткелер өз денесінен 40 есеге дейін ұзаққа секіре алады. Қара шегірткенің құлақтары алдыңғы аяқтарында орналасқан.

- Көбелектер аяқтарымен дәм сезеді.

- Бүргелер өз денесінен 100 есе ұзын жерге секіре алады.

- Дәуіт басын бұра алатын жалғыз жәндік. Аталық дәуіт аналық дәуітті 11-12 шақырымнан сезе алады.

- Құмырсқа 2 апта бойы су астында өмір сүре алады. Сондай-ақ өз денесінен 50 есе ауыр салмақты көтере алады.

- Шегірткенің қаны ақ болады.

- Ірі теңіз шаяндарының қаны көк болады.

- Масалардың еркегі өсімдіктердің суымен, ұрғашылары қанмен қоректенеді.

Назар аудар:

Еңбекшіл құмырсқалар

Әлемдегі ең ерекше 10 құмырсқа

Қосқанаттылар

Бөгелек

Жәндіктер

Инеліктер

Гессен шыбыны

Көбелектер жайлы бірнеше дерек

Жәндіктер

Жұлдызқұрттардың сұлу көрінісі

Орхидеялық дәуіт

Масаларға қарсы 10 иіс


WhatsApp Telegram

Пікірлер (1)

Адам

Жәндіктер туралы қызықты мәліметтер екен!

Пікір қалдырыңыз