Өлең, жыр, ақындар

Қосқанаттылар

Қосқанаттылар — жәндіктер класының бір отряды. Жер шарында кең таралған, 250-дей тұқымдасы 100 мыңнан астам түрі белгілі. Казақстанда 2 отряд тармағы (ұзынмұрттылар және қысқамұрттылар), 114 тұқымдасы, 5 мыңға жуық түрі бар. Атауы қос қанатына орай қойылған (кейбір түрлерінің қанаты жоқ), көздері фасетке ұқсайды. Мұртшасы үш не одан да көп бунақтан тұрады. Аузы шаншып тесуге, жалауға бейімделген. Толық түрленіп дамиды. Дернәсілі құртқа ұқсас, аяқтары болмайды. Қуыршағы бос жатады не ең соңғы дернәсіл қабығымен (піллә) қапталады. Кейбір қосқанаттылар түрлерінің дернәсілдері өсімдіктер мен жануарлар денесінде өсіп жетіледі, ересек жәндіктер өсімдік шірігімен, жануар қанымен қоректенеді.

Қан сорғыш жәндіктер (маса, шіркей, т.б.) адам мен малға безгек, энцефаломиелит, күйдіргі сияқты жұқпалы аурулар таратады. Гессен шыбыны, швед шыбыны, ұзынсирақты бақша шыбыны, тері бөгелегі, қарын бөгелегі м ауыл шаруашылығы мен мал шаруашылығының зиянкестері. Бірқатар қосқанаттылар пайдалы жәндіктер: гүл шыбыны — өсімдіктерді тозандандырады; жеміс шыбыны генетикалық зерттеулерде пайдаланылады; кейбір қосқанаттылар дернәсілдері зиянкес жәндіктермен қоректеніп, шаруашылыққа пайда келтіреді; хирономид дернәсілдері — балық жемі. Қазақстанда 6 түрі (алып шыбын, жетілмеген эфедрома, құмыты шыбыны, т.б.) "Қызыл кітапқа" енгізілген.

Оқуға кеңес береміз:

Бөгелек

Жәндіктер

Инеліктер

Гессен шыбыны

Көбелектер жайлы бірнеше дерек

Жұлдызқұрттардың сұлу көрінісі

Масаларға қарсы 10 иіс

Жәндіктер


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз