Инеліктер — Биология бөліміндегі материал. Бұл беттен тақырыптың мазмұнын оқып, негізгі ойымен таныса аласыз.
Егер сіз Инеліктер бойынша ұқсас материалдар іздесеңіз, төменде берілген байланысты сілтемелерді де қарап шығуға болады.

Инеліктер — жәндіктер класының бір отряды. Ұзындығы 14-120 мм. Құрсақ бөлімі жіңішке әрі ұзын. Аузы кеміруге бейімделген. Өте үлкен фасетті көздері басының жоғарғы бөлігін алып орналасқан. Мұртшалары қысқа, көзге әрең көрінеді. Қанаттары торланып жүйкеленген. Басқа жәндіктерден ерекшелігі: арка-құрсақ қанатының бұлшық еттері жақсы дамыған, тыныштық күйде қанатарын денесіне жинамай, жайып жібереді. Қанаттарының құрылысына қарай инеліктер: теңқанаттылар, әр түрлі қанаттылар және Аnіsоzуgорtеrа (тек Жапония және Үндістанда ғана кездеседі) отряд тармақтарына бөлінеді. Инеліктердің 4500-ден астам түрі белгілі. Қазақстанда 7 түрі қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. Инеліктер — дара жыныстылар, шала түрленіп дамиды. Жұмыртқаларын суға немесе су өсімдіктерінің сабағына салады. Дернәсілдері су астындағы заттарға жабысып тіршілік етеді. Қорегін (ұсақ су жәндіктері, т.б.) астыңғы еріні арқылы ұстайды. Қыстап шыққан дернәсілдері келесі жылы жазғытұрым бірнеше рет түлеп, маусым айында ересек инеліктерге айналады. Ересек инеліктер тұщы су қоймаларының маңында жиі кездеседі. Шыбын, маса, шіркей, ұсақ жәндіктерді ауада ұшып жүріп ұстайды. Инеліктер — пайда келтіретін энтомофагтар. Дернәсілдері — балықтың, су құстарының қорегі.
Бұл бетте Инеліктер тақырыбына қатысты негізгі мазмұн берілген.
Материал Биология бөлімінде жарияланған.
Тақырыпқа жақын басқа материалдарды төмендегі қатысты сілтемелер мен бөлім беттері арқылы қарай аласыз.
- Азамат Төре (авторлық өңдеу)
- Шәкәрім Құдайбердіұлы
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі