Жазда таза ауада барынша ұзақ жүргің келеді, саябақта демалғың келеді, көкке жатып, жайқалған гүлдердің хош иісіне бөленгің келеді. Алайда тамаша демалысты мазасыз масалар құртуы мүмкін. Bilim-all.kz масалардан құтылу үшін қандай табиғи иістерді пайдалану керектігін білдіреді.
Ванилин
© Dionisvera / shutterstock.com
Ванилинді балалар кремімен 1:10 пропорцияда араластырып, дененің ашық бөліктеріне жағу керек. Сонымен қатар ванелинді суға араластырып, ерітіндіні тері мен киімнің ашық жерлеріне сепсе болады.
Әніс, қалампыр, насыбайгүлдің эфир майлары
© Kerdkanno / shutterstock.com
Қалампыр, насыбайгүл, әніс, эвкалипт эфир майлары масаларды үркітуге көмектеседі. Ол үшін майларды дененің ашық жерлеріне жағып (бір стақан суға 5-10 тамшы) немесе отқа – шаққа, алауға, хош иіс шығаратын шамға немесе қыздырылған табаға тамызып жіберу керек. Бұған қоса мақтаны осы майларға батырып, терезенің алдына қойып қойса болады.
Аю бадамның бұтағы
© LidiaLydia / shutterstock.com
Аю бадамының жас шыбығын бөлмеге қойып қойыңыз – олар қызанақ жапырағының иісі сияқты масаларды үркітеді. Алайда абай болыңыз, аю бадамының өткір иісі ұйқыңызға кедергі келтіруі мүмкін, сондықтан түнде бұтағын жатын бөлмеден шығарып тастау керек.
Қалампыр
© Curioso / shutterstock.com
Бір стақан суға 5 г қалампыр салып, 15 минут қайнатыңыз. Қайнатпаның 10 тамшысын 1 үлкен қасық кез келген әтірмен араластырып, дененің ашық жерлеріне жағыңыз. Осылайша 2 сағат бойы қыдыруға болады: масалар мен шіркейлер сізге жоламайтын болады.
Арша бұтақтары
© Kaushik Ranjan Haldar / shutterstock.com
Егер көкке демалуға шықсаңыз, алауға арша бұтақтарын тастай салыңыз.
Балқарағай майы
© Jelena Yukka/ shutterstock.com
Балқарағай майының иісі масаларды ғана емес, шыбындар мен тарақандарды да үркітеді.
Жусан қайнатпасы
© Pawle / shutterstock.com
Жусан тамырының қайнатпасымен бетіңізді жусаңыз, бірде бір маса тиіспейді. Шабылған тамырлардың бір уысына 1,5 л су құйып, қайнату керек те 20-30 минутқа қойып қою керек.
Түймедақ
© Irina Burakova / shutterstock.com
Масаларға қарсы ежелгі халық тәсілі – парсы, далматтық немесе кавказдық түймедақ (пиретрум деген де сол). Түймедақтың осы түрінің кептіріліп, ұсақталған гүлшоғырлары, сабақтары мен жапырақтары жәндіктердің жүйке жүйелеріне әсер етеді. Пәтер немесе үйдің бұрыштарына осы гүлдің сабақтарын қойып қойса жеткілікті.
Бидайық қайнатпасы
© bogdan ionescu / shutterstock.com
Ертеде масалар мен басқа да қан соратын жәндіктерді үркіту үшін ең көп таралған арамшөп – бидайық тамырының қайнатпасын қолданған. Шабылған бидайық тамырының бір уысына 1,5 л су құйып, ашық сары түске боялғанша 3 рет қайнатыңыз. Осы қайнатпамен бетіңіз бен қолыңызды жуыңыз, бірде бір маса жоламайтын болады.
Насыбайгүл жапырақтары
© Africa Studio / shutterstock.com
Ұсақтап туралған жас мойыл немесе насыбайгүл жапырақтарын қолдануға болады – бөлмеге қойып қоюға немесе дененің ашық жерлеріне жағуға болады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Арай
Өте пайдалы рахмет!!!
Айым
Маса деген бәле ғой
Рахмет
Пайдалы кеңестер!