Бал арасы өмір бойы бір шай қасығының 12 де бірін ғана өндіреді! Еңбекқорлығымен танымал бал аралары, бал өндіру кезіндегі жүріп өткен шақырымдар, бір-бірімен байланыс қабілеттері, қорғану жүйелері, өзара көмекшіл ерекшеліктерімен назар тартады. Бал аралары «аналық ара», «жұмысшы ара», «еркек ара» болып, бір-бірлерінің міндеттерін істей алмайтын үш түрден құралады.
42 күн өмір сүретін жұмысшы аралар, алғашқы 21 күн бойы ара ұяларының ішінде қызметші ара ретінде тазалық жасайды, аналық ара мен бала аралардың қоректенуі, ара сүтінің бөлінуін, балдың пісіп жетілуін, ара ұясын жасау және ара ұясына күзетшілік сияқты міндеттерді атқарады. Ал қалған 21 күн ішінде сыртқы қызметші ара ретінде нектар, гүл тозаңы, су және балауыздарды (прополис) жинайды.
Аралардың кейбір түрлері 5-7 жыл өмір сүре алады. Ұзақ өмір сүретіндер ұясында ара сүтімен азықтанады. Адамдар да бал және ара сүтімен азықтанса, қатерлі ісіктен бастап көптеген ауруларға қарсы иммунитет жүйесін күшейтеді.
Ара сүті иммунитет жүйесін күшейтеді. Оның құрамында А,D6, E6, K6, H және В дәрумендері бар. Құрамында HDA-10 деп аталатын зат алмасуды күшейтетін ферменттер бар. Араның сүтінде 22 түрлі амино қышқылы бар. Балалардың сүйектерінің дамуы үшін және жақсы өмір сүру үшін қажет. Қатерлі ісіктен қорғайды және жүрек-қан тамырларын қуаттандырады. Тамыр бітелуі және қатаюының алдын алады және қан қысымын түсіреді.
Ара сүті есте сақтау қабілетін арттырады және ұмытшақтықты кетіреді. Альцгеймер ауруына қарсы жақсы әсер етеді. Қанның құрамындағы шекер деңгейін түсіреді және реттейді. Жасушаларды жаңалайды және тері ауруларына жақсы әсер етеді. Балалардың ми дамуына көмектеседі. Ас қорыту жүйесін ретке келтіріп, астың сіңуін жеңілдетеді. Аллергияның алдын алады.
Ара сүтінің антибактериялық қасиеті бар. Ұйқысыздықты қалпына келтіреді. Холестериннің деңгейін түсіріп, қалпына келтіреді. Бұлшық еттердің жақсы жұмыс істеуіне көмектеседі. Химия терапиядан зиян көрген жерлерді емдейді.
Балдың түрлері, емдік қасиеттері
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Азиза
Маған бал арасы туралы əңгіме керек .Өтінем көмектесіңіздерші.
Кемалова Дильназ
Юал врасы аналық ара,жұмышшы ара, еркек ара болып 3 ке бөлінеді
Кундыз
Маган аралар туралы жумьак макал керек
Улбосын
Оте керемет
Арайлым
Маган катты унады
Нурганым
Маган казакстандагы аралар утраты малимет керек комектесинизшы
Фариза
Ара сүтін қайдан алуға болады?