Бал – жоғары калориялы диеталық тағам. Балды күнделікті өмірде жиі қолданғанымызбен, оның адамға тигізетін көптеген пайдасы мен емдік қасиеттерін, өзіне тән ерекшеліктерін біле бермейміз.
Түйебұршақ (донник) балы бірінші сұрыпты балға жатады. Ақ немесе ашық – янтарь түсті болып келетін хош иісі бар балдың бұл түрі глюкозаға бай. Түйебұршақ балы ішек ауруларына пайдалы.
Шайқұрай (кипрей) балы мөлдір жасыл сары түсті сұйық бал. Балдың бүл түрін әлсіздікке, жараны қайтаруға пайдалануға болады.
Шыбындық (луговой) балы да бірінші сұрыпты балға жатады. Сары қоңыр немесе алтын түсті балды шабындықтағы түрлі гүлден алады. Бұл бал арқылы тыныс алу, жүйке, жүрек және ас қорыту жүйесін емдеуге болады.
Жөке (липа) балы жақсы сұрыптар қатарынан. Сары жасыл түсті балдың бактерияға қарсы қасиеті бар. Жөке балының тамақ ауруларына пайдасы мол. Сондай-ақ тыныштандыратын, ұйқыны жақсартуға да әсерін тигізеді.
Таңқұрай (малина) балы, ақ түсті болады. Жоғары сұрып қатарына жататын балдың бұл түрі суық тигенде тұмаудың алдын алу үшін пайдаланады.
Қарақұмық (гречишный) балы қою қызыл немесе қоңыр түсті болады. Бұл балдың ерекше иісі бар. Қарақұмық балы темірге, магний, мысқа бай болғандықтан, түрлі қан ауруларын емдеуге пайдаланылады. Жүйке жүйесіне де қарақұмық балы бірден-бір ем және тері ауруларын да емдеуге болады.
Жалпы балдың химиялық құрамы шырын жинаған өсімдіктердің түріне, топырағына, сол жердің ауа райына және балдың түрлеріне тығыз байланысты.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі