Армансыз адам қанатсыз құспен тең.Сол секілді әрбір адам бала күнінен болашақта кім боларын армандайды және сол арманға жету үшін мақсат қояды.Мен де ойын баласы шағымда әр қиялдың жетегінде жүретінмін. Арманда шек бар ма?! Солай әр нәрсені армандай келе,уақыт өте бір тоқтамға келдім. Яғни мен болашақта спорт журналисті боламын деген шешімге тоқталдым. Себебі спортқа деген махаббатым мені журналистика мамандығына жетеледі. Нақтырақ айтсақ бұл менің жаным мен тәнімнің қалауы. Өзіммен қатар балалар доп қуып,ойынның соңында жүрсе,мен олимпиада,әлем чемпионаттарын қарап,спортшылар туралы мәліметтер іздедім. Уақыт өте балалық шағымның арманы,есейе келе мақсатыма айналды.Көздеген мақсатыма жету үшін кез-келген тығырықтан шығуға дайын болдым,тіпті шықтымда. Алда келе жатқан "Ұлттық бірыңғай тестке" тиянақты дайындалып, шығармашылық жұмыстармен көп айналыстым. Осылайша менің таңдауым Тұран университетіне түсті.Ұлттық бірыңғай тестті абыроймен тапсырып,шығармашылық емтиханнанда жоғарғы нәтижеге қол жеткізіздім.Сол сәтте балалық шағымның арманына,көздеген мақсатыма қол жеткізгеніме сенер сенбесімді білмедім. Ата-анамның қуаныштан төбелері көкке жетті. Үкілеген үміттерін ақтағаныма шекчіз бақытты болдым."Жастық – арман. Бұл – сенім. Бұл – ерлікке құштарлық. Бұл әрі лирика, әрі романтика. Бұл – болашақ жөніндегі үлкен-үлкен жоспарлар. Бұл – болашақ атаулының бастауы"демекші арманда,мақсат қой,орындалуына себепші бол. Өміріңді жақсы жаққа өзгертуде өз мүмкіндігіңді қолдан. Ол мүмкіндікке жол ашқан Тұран университетіне алғысым шексіз.
Ержан Еркемай
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі