Оңтүстік кореялық инженер Тим Чо үрлеп жағуға болатын қолшам құрастырып шықты. Бұл қолшамның арнайы тесігіне үрлесеңіз, светодиодтар іске қосылып қолшам жанады.
Тим Чо бұл ысқырғыш-қолшамымен "Catch The Wind" деп аталатын 3D принтер шығарушы MarketBot компаниясы ұйымдастырған бәйгеде бірінші орынды иеленді.
Бұл қолшамның конструкциясы өте қарапайым. Оны жасау үшін кез-келген 3D принтер жарай береді.
Жобаның авторы бұл консрукцияны Autodesk Inventor программасымен жобалаған. Қолшам 15 бөлек тетіктен тұрады. Әр тетікті принтерден шығару шамамен жарты сағаттай уақытты алған жән әр қайсысының қалыңдығы 0,2 мм шамасында. 7-8 сағаттай ауқытын құртып, инженер барлық тетіктерді біріктірген және арнайы электронды компоненттерін қосқан: катушка, магнит, диод, светодиод және т.б сымдары.
Егер арнайы тесікке қатты үрлейтін болсаңыз, ішіндегі арнайы мини-турбина магниттік генератормен бірге айнала бастайды. Сосын генератордың катушкалары айнымалы тоқ шығара бастайды (AC). Диод айнымалы тоқты тұрақты тоққа айналдырады (DC). Үрлеп жатқан адамның өкпесінің көлеміне байланысты тұрақты тоқ тізбегінде 0,5-1 Вольт арасында кернеу болады. Светодиодтың жарық шығаруы үшін кемінде 3 Вольт керек. Сондықтан инженер кернеу күшейткіш қолданған.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Есімхан
Керемет! Жақсы әрі пайдалы мақала! Осындай қызықты жазбаларыңыз көп болуын тілеймін!)