Өлең, жыр, ақындар

Кітаптар жансыз, бірақ адал дос

"Кітап ақылына ақы сұрамайтын ең құнды қазына" деген екен түркі жұртының ұлы ақыны, ойшыл Әлішер Науаи. Осы сынды кітап туралы бірнеше құнды пікірлерді сіз де жақсы білесіз. Расында қай ғасырда да кітаптың алатын орны бөлек.Халқымыз әр ғасырда-ақ ел даналары мен заман тұлғаларының өзінен кейінгі аманытын ұрпақтан-ұрпаққа қалдырылып отырған ғұлама ойларын,тәрбиесі мол өнегелі сөздерін кітаптан алған. Кітаптың – рухани қазына аталуы да сондықтан.Білімді жастардын білімі қазыналы кітапта деп айтуға болады.Расында заманның ырғағы кітаптардын орнына алмастырылып жатқанына да қарауға болады.Тамсандарыған ақын жазушыларымыздын жазбалары қойындай қара дәптердей қазыналы кітапта тұрғаның естен шығармағанымызда жөн.Не көп жанымызда жаулаған интернет,смартфондар көп.Әлемді жаулап жатқан арнайы техналогияларда жетерлік.Солардын ішінде қол жетімді арнайы интернет кітаптарыда бар.Былайша айтқанда онлайн кітапхана деуге болады.Кітапхананын алдын торлап,аяқ басын тоздырып жанталасқан адамдарда аз,оның барлығы қолға байланған қапшықтай телефондардын арқасында.Санаулы саусақ басындай жастар кітапхана есігінін алдын торлайды.Бұндағы айтарым заманның дамуы көзді ашып жұмғанша.Бірақ адамдарға деген мәселесі мен зияны көп,смартфондарға қарағанда қойынды қазыналы кітапты қолға алып керек жерін түртіп отырып оқығанымыз әдемі емеспе.Француз жазушысы, ақын, драматург Виктор Мари Гюгоның  «Кітап жансыз, бірақ шынайы дос»деген екен.Жансыз жаны болмағаны мен адамның 8-ші сезімін оята алатын құнды,сиқырға толы ғажап әлем.Адам ойын ашқанымен қоймай денсаулыққа да миға да беретін пайдасы көп.Ғалымдардын өзі кітаптын адамға деген пайдасын 7-і сатымен көрсеткен.

Оның алғашқысы Кітап оқу – қоршаған ортаны, дүниені және өзін тануға көмектеседі.

2. Кітап оқу – жадыны және ойлауды дамытады. Яғни, көп оқыған адам жады мықты, тез ойлап, тез қорыта алады.

3. Кітап оқу – талдауға, сараптауға, өзіндік жүйелі пікір қалыптастыруға үйретеді.

4. Кітап оқу – көптеген табыс пен жетістіктің ең басты негізі.

5. Кітап оқу – адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасауға үйретіп, әдемі сөйлеу дағдыларын қалыптастырады.

6. Кітап оқу – сөздік қорды байытады және жалпы сауаттылық деңгейін арттырады.

7. Кітап оқу – адам бойында бұғып жататын шығармашылық қабілеттерді дамытады.

Бұнын өзіне сүйенбей ақ кітап оқудың адамзат баласына тигізетін пайдасы орасан зор екенің әр-бір адам біледі. «Мен бойымдағы жақсы қасиеттер үшін кітапқа қарыздармын» – депті атақты  жазушы Максим Горький. Кітап оқудан қалған ұлт, әсіресе, жас ұрпақ орны толмас ауыр рухани жұтқа ұшырап, азғындыққа құламай қоймайды. Әбіш Кекілбаев атамыз айтқандай"Адамды адам етке-кітап,ал адамзат еткен-кітапхан" демекші кітап – адамзат баласының сан ғасырлық ақыл-ойының, оқу арқылы жетілуінің, кемелденуінің арқасында қол жеткен дамылсыз даму үрдісінің жемісі, өткен тарихы мен өмірлік тағылым-танымының алтын сандығы.Білімді жастардын саналы ұрпақ болуы үшін қазынасы қара күштей сақталған сандығында білімді,тәрбиені  сақтаған кітап тарихын оқытуымыз қажет.Саналы ұрпақ саналы ғасырда өзіне-өзі білім іздеу қажет.Ал ол үшін ен бірінші кітап және сақталынған сары майдай тұрған кітапханаларымыз.Білім жолында адаспайық басты досты кітап қылып жанымызды жандандырайық.

Ақниет Ермекқызы


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар