Өлең, жыр, ақындар

Алматыда "Француз киносы" кинофестивалі өтуде

Қараша айының 4 және  9 аралығында Алматы көрермендеріне француз кинематографиясының ұсынуымен XI "Бүгінгі француз киносы" кинофестивалі өтуде. Француз елшілігінің қолдауымен жасалып жатқан шараға әл-Фараби ат.ҚазҰУ, Журналистика факультеті, Кино&медиа мамандығының 1 курс  студенттері француздық режиссер -  Антуан Барроның "Двойной обман  Мадлен Коллинз" атты туындысын   тамашалап қайтты.
 
Алғаш рет Мега ойын-сауық орталығының Chaplin кино залында көрсетілген фильм студенттердің көңілінен шықты. Фестиваль бағдарламасына кірген фильмдер әртүрлі  жанрларды: драма, комедия, триллерді қамтиды.

1 сағат 42 минутқа созылған фильмнің сюжеті Джудиттің қос өмірді сүруінен басталады. Бір апта Францияда отбасы мен екі ұлының жанында болса, келесі аптаны Швейцариядағы сүйіктісімен, қызымен өткізеді. Ұзақ уақыт бойы параллель өмірді сүруі, бірақ бір күні өтіріктің негізі жарылып, осындай қиындықпен құрылған кейіпкердің бүкіл әлемі құлдырай бастайды. "Өтіріктің құйрығы - бір тұтам",- деген қазақ мақалы осы фильмге қарата айтылғандай. 

Болашақта кино өнерін, оның ерекшеліктерін, түрлері мен жанрларын зерттей жазып, сын мәдениетін қалыптастыратын Кино&медиа мамандығының студенттері үшін мұндай шетелдік қойылымдар - жаңаша ізденіс, жаңа белес. 

Фильмнің сценарийін жазғандар Антуан Барро, Элена Клотц. Фильмнің ерекшелігі үш елде түсірілген - Франция, Бельгия, Швейцария.
Фильмде Вирджиния Эфира, Жаклин Биссет, Ким Гутьеррес, Бруно Саломон, Франсуа Ростен және тағы басқа танымал актерлар өз рөлдерін жоғары деңгейде алып шығады.

Фильмді көрсетуді ұйымдастырған Францияның Ресейдегі елшілігінің аудиовизуалды ынтымақтастық жөніндегі аймақтық атташесі - Эмануэль Фосилон:"Француз киносын қазақ көрерменіне ұсынудағы мақсатымыз - екі елдің арасында ұқсастық бар. Француз киносы қазаққа жақын. Себебі, қазақ ұлтының әзілінде терең астар мен мағына бар. Шынайылық басым. Сондықтан, біздің кинолар қазақ елінің жүрегінен орын алатыны сөзсіз. Кино залға күн сайын келіп, өз қалауларыңызша қалаған киноларды көруге болады",- деді. Фильм соңына қарай, режиссермен тікелей байланысқа қосылып, фильм жайлы сұрап, өзіндік қолтаңбасы қалған үздік туынды екенін көрермендер мойындады.

Айта кету керек, осы жылдың 27 мамырында Франция елшілігі әл-Фараби ат.ҚазҰУ Журналистика факультеті, Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының студенттерімен кездесу жасаған болатын.

Адалбек Шұғыла
Кино&медиа мамандығының 1 курс студенті 
Жетекшісі: аға оқытушы, куратор Н.Б. Рушанова


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз