Өлең, жыр, ақындар

Менің университетім – менің мақтанышым

1934 жылы еліміздің eң aлдыңғы қaтарлы университеті, қарашаңырағымыз әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің іргетасы қaлaнғaн еді. Бүгінгі күні университетімізде 20 000-ға жуық студент білім алады. Он үш факультеттен тұратын университетте үш мыңға жуық профессор-оқытушылар құрамы студенттерге білім беріп келеді. Қала ішіндегі «Казгуград» қалашығы деп аталып кеткен құтты мекенде студенттердің білім алуына барлық мүмкіндік жасалған. Ө.Жолдасбеков атындағы студенттер сарайы,ТМД елдеріндегі жалғыз үлкен ауқымды «әл-Фараби» кітапханасы, спорткешені мен стадион, жаңа ғимараттар, әскери кафедра, техносаябақ, студенттер үйі, медициналық орталық және студенттерге қызмет ету орталығы студенттер игілігі үшін қызмет жасап отыр.Осындай керемет университеттің студетті атану мен үшін қол жетпес армандай болатын.Дегенмен мен осы жылы ҚазҰУ-дың студенті атандым.Осы универде оқып бастаған кезде менің өмірім бірден өзгерді.

Мен "Химия және химиялық технологиялар" факультетінде білім аламын.Менің мамандығым «Өндірістің химиялық сараптамасы және оны аналитикалық бақылау».Осы жылы ашылған жаңа мамандық болғандықтан оқыту дәрежесі жоғары.Бірақ дегенменде біз зертханалық жумыстар жасадық.Бізге осы салада беріп жүрген апайым ұнайды.Себебі сабаққа ұқыптылықпен қарайды.Бізге әрбір сабағында өзінің өмірлік тәжірибелерін айтады.Біз ол апайдын айтқандарын ой түйсігімізге түйіп аламыз.Тек ол апай ғана емес,басқа сабақтардан беретін ұстаздардың жетістіктері көп және сабақ беру шеберлігі өте жоғары. Студенттерге барынша түсінушілікпен қарап, қолдай біледі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ- де оқимын деп мақтанышпен айта аламын. ҚазҰУ – талантты, дарынды студенттердің басын біріктіріп отырған мекен. Сыйластық пен шынайы достықтың мекені, ҚазҰУ – ғашықтардың мекені. ҚазҰУ – адамның тұлға болып қалыптасуына ықпал етіп, тұлғаның жан-жақты қабілетін ашып көрсетуіне мүмкіндік беретін мекен. Сол себепті де, мен өзімнің ҚазҰУ-да жүргендігімді өмірімдегі ең үлкен сәттілік деп санаймын. ҚазҰУ – талантты, дарынды студенттердің басын біріктіріп отырған мекен. Сыйластық пен шынайы достықтың мекені, ҚазҰУ – ғашықтардың мекені. ҚазҰУ – адамның тұлға болып қалыптасуына ықпал етіп, тұлғаның жан-жақты қабілетін ашып көрсетуіне мүмкіндік беретін мекен. Сол себепті де, мен өзімнің ҚазҰУ-да жүргендігімді өмірімдегі ең үлкен сәттілік деп санаймын.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

«Химия және химиялық технологиялар» фаĸультеті

1 ĸурс студенті Адылқан Арай Ерғазықызы

Аға оқытушы Кайракбаева Г.С жетеĸшілігімен


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз