Орындаған: Жандарғали Еркетан
Группа: 108к - Химия
Сонау заманнан ата – бабамыздың білектің күшімен, найзанын ұшымен бізге байлық етіп қалдырған қазынасы, кең байтақ жеріміз, тәуелсіз еліміз – Қазақстан. Басқа елдерге саяхаттауды,аралауды қалаймыз, бірақ біраз уақыттан соң бәрібір сағынамыз. «Әркімнің өз елі - Мысыр шаһары» деген мақал-мәтелді босқа айтпаған. Бұл расында дұрыс қамтылмаған ой. Көгілдір экраннан көрген хабарларымда қазақ жерінен кетіп, басқа елде өзінің жеке бизнесі болып, дәулетті тұрып жатқан тұлғалардың өзінің ата-бабасы жатқан жұртына бас игенде олардың көздерінде айрықша ұшқын, махаббатты көруге етеді. Соған қарап мен қарапайым ғұмыр сүріп жатсам да отбасыммен, туған жерімде оқып, өз жерімде жүргеніме қатты қуанамын.
Менің отаным — Қазақстан. Мен Отанымды сүйемін. Қазақстан — мен үшін де, менің ата — бабаларым әрқашан өте киелі елді мекен болып келген және солай қалады. Осы елде өмірге келіп, тер төгу етіп, білім қабылдап келеміз сонымен қатар қазақ тілінде сөйлеуді, қазақ жұртының салт — дәстүрін білу міндетіміз деп санаймын. Менің Еліме деген махаббатым жүрегімнің түпкірінде жатыр. Отанға деген ақ жүрек махабатты, қандай заң, қандай құбылысы болсын өшіре алмайды. Қазіргі күні Қазақстан береке ордасына шарықтап отыр. Әрбір азамат қалаған еңбегін істеуге, оқуға, демалуға ерікті. «Құс ұясыз болмайды, кісі Отансыз болмайды.»,-дейді қазағым, ал менің Отаным сонау Каспийден басталып Алтай тауларына дейін созылып жатқан қасиетті өлке. Қазақстан тәуелсіздік жолында не көрмеді десеңші?! Еліміздің басынан азап та, ашаршылық та, сұм соғыс та өтті.Қазақстанның тәуелсіздігін аңсаған, мәңгілік жарыққа тырысқан Қайрат, Ләззат, Ербол сияқты аға — апаларымыз ұлтты үшін өлімге бастарын тікті.Біздерде Абылайдың саясаткерлігі, Қабанбайдың ерлігі, Қазыбектердің биліктері, Жиреншешелердің шешендігі, Абай — Махамбеттердің даналығы бар. Оған қоса, ата- бабалар мұра етіп қалдырған асыл — байлық жеріміз бар. Біздің жерімізде кең, қасиеті ғана емес, қазба байлығымен жер жүзінің алдыңғы көшін бастауда. Асты кенге, талай дүлділ адамдарды ғұмырға әкелген кенді өлкеде туылғаныма бақыттымын . Сол байлықты біздер игеріп, иемденеміз, ілгері басып дамимыз.
Мен кандай мамандық қалап, таңдауымды жасасам да, құстай зәулім ұшып, тауға өрлеп шықсамда еліме құшағымды жайып жүремін. Мен — егеменді елімнің ертеңімін «Сен де жалғыз кірпіш өмірге, кетігін тап та, бар қалан», — деп Абай атамыз айтқандай, Отанымның келешегі үшін өз үлесімді қосуға әрекет жасаймын. Біз жастар Қазақстанның келешегіміз, туып өскен жерімізді, жерімізді оп — оңай бере салмаймыз. Еліміз үшін барлық қиындыққа төзіп беруге даярмыз.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі