Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлық сияқты келеңсіз, жаман әдеттің жолын кесіп, жоюға бағытталған көптеген іс - шаралар ұйымдастырылып жүзеге асырылып жатыр.
Сыбайлас жемқорлықтың белең алуы азаматтардың конституциялық құқықтарына керіәсерін тигізеді, олардың заң алдындағы тең құқылық принципі бұзылып мемлекеттік билік беделіне елеулі нұқсан келтіреді.Осының негізінде маңызды іске мемлекеттік органдар мен оның лауазымды тұлғалары, қоғамдық ұйымдар атсалысуда.
Әрқайсымыз сыбайлас жемқорлықпен күресейік, сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтарды болдырмайық және оның алдын алайық. Біздің әрқайсымыздың тарапымыздан сыбайлас жемқорлықты болдырмау барысында белсенді қызмет қажет.
Кез-келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады
Жемқорлық мемлекетіміздің беделін түсіреді, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіреді, құқықтық мемлекет құрудың қағидаларын бұзады. Ел межесі алдыңғы қатарлы елу елдің қатарына ену. Осындай егемендігіміздің алға қойған мақсатына жетуіне кедергі - ол сыбайлас жемқорлық. Сыбайлас жемқорлықпен күресу баршамызға ортақ міндет. Сыбайлас жемқорлық мемлекетті ішінен жоюдың бастамасы мен жетістіктерді жоққа шығаратын, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер әкелетіндігі күмәнсіз. Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі болып осы зұлымдықпен күресу болып табылады.
Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады.
Ел болып еңсемізді көтергенімізге, тәуелсіздігімізді алып, шаршы әлемге танылғанымызға жиырма жылдай уақыт өтті. Өткенімізге көз салсақ, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген саясатының арқасында мемлекетіміздің тамыры тереңге тартып, нығая түсуіне бағытталған құқықтық заңнамалар мен іс-шаралар қабылданып, ел экономикасы мен әлеуметтік жағдайы түзеліп, әлем мемлекеттерінің ортасынан өз орынын айқындады. Бүкіл әлемге өзінің біртұтастығымен, ажырамас бірлігімен танылды. Қоғам дамуының жаңа жолын таңдап, уақыттан туындаған әртүрлі кеселдерден айығуды міндет етіп қойды. Ол жол - Президенетіміз Нұрсұлтан Әбішұлының бастауымен алға қойылған сыбайлас жемқорлықпен күрес жолы.
Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек.
Санатова Айдана
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі