Өлең, жыр, ақындар

Кибер алаяқтардың қулығына құрық байламай барады

Кибер алаяқтық - бұл интернеттегі алаяқтықтың бір түрі. Ол ақша, мүлік және мұра құрбандарын бопсалау мақсатында ақпаратты жасыруды немесе дұрыс емес ақпарат беруді қамтуы мүмкін. Электронды алаяқтық ұрлықтан өзгеше, өйткені бұл жағдайда жәбірленуші қылмыскерге ақпаратты, ақшаны немесе мүлікті өз еркімен және саналы түрде береді. Халықаралық сарапшылардың зерттеуіне сәйкес, киберқылмыс әлемдік экономикаға 600 миллиард доллар шығын әкеледі. Интернеттегі алаяқтық пошта спамынан бастап онлайн-алаяқтыққа дейін көрініс береді. Бізде жалған сайттар құру, басқа адамға онлайн-несие рәсімдеу басым, – деп түсіндірді полицей.

Тәртіп сақшысының айтуынша, жыл басынан бері осындай 300-ден астам қылмыс жасалған. Бірнеше эпизод ашылды, көптеген қылмыс Көкшетауда жасалды. Алдау схемалары әртүрлі, бірақ микрокредиттік ұйымдарда онлайн-қарыздарды рәсімдеу көш бастап тұр.

Тұран университетінің 2-курс студенті Сыдық Самал Маратқызы


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар