Бақытты болу өз қолыңда — Оқушы және студент жұмыстары бөліміндегі материал. Бұл беттен тақырыптың мазмұнын оқып, негізгі ойымен таныса аласыз.
Егер сіз Бақытты болу өз қолыңда бойынша ұқсас материалдар іздесеңіз, төменде берілген байланысты сілтемелерді де қарап шығуға болады.
Жер бетінде әр адам өзінің қамшының сабағындай берілген өмірде бақытты болғысы келеді. Ал сол бір құндылығы гаухhар таспенде өлшене алмайтын бақытты, әр кім әртүрлі түсінеді. Әйтседе адамның бұл өмірде бақытты болуы өз қолында. Өз бақытын іздеген жандар ең алдымен, "бақыт деген не?", деген сұраққа жауап іздеп, осылайша өз бақытына өзі нақты қадам жасау керек. Осы тұста Мұқағалидің "бақыт" ұғымын әр жақты қарастырып жазған керемет өлеңі бар. Онда бірі, бақытты дүниедегі барлық байлық десе, бірі көңілі тоқ, көйлегі көк болғанға теңейді. Ал тағы бірі бақыт ұғымын адал жар мен шаңырақ берекесі балаға теңейді. Әрине, бұл тұста әр адамның ойы өздігінше дұрыс, себебі кітаптың бір ғана беті болмайды. Сондықтан жалған өмірдегі, көкрегінде жаны бар адам, өз бақытын өздігінше табуға тырысады. Бұл жалғанда бақыт сөзі мен үшін өте терең мағына білдіреді. Осы он жеті жыл ішінде менде өз бақытымды танып білдім десем еш қателеспеймін. Адамның ойын адам емес, тағдыр ғана өзгертеді. Осы бір сынағы көп тағдыр, бақыт ол сенің отбасының екенін толық түсіндірді. Қара шаңырақ ішінде төрт көзің түгел, алты жағың ала болып, бір-біріңді сыйлап өткенге не жетсін. Менің өз бақытым өз қолымда! Иә, бұл рас. Төте жолды немесе түзу жолды таңдау сенің өз еркің. Күнделікті болып жатқан жәйттар бақыт жолындағы баспалдақ болуы әбден мүмкін. Сол себепті, күнделікті ата-анамыздың жылы сөйлеп, бауырларымыздың сыңғыр күлкісіне шомылып, достарымыздың жанында болуды ұмытпайық. Аппақ құстың қанатындай, мөлдір бұлақты кіршіксіз таза судай, бақытыңның көз алдыңда екенін умытпағай. Алысқа көз сүргенше, жүрек түбіне көз салсаң, бақыт жолын өзің ақ табасың.
Куатова Аселя Куанышбековна
Бұл бетте Бақытты болу өз қолыңда тақырыбына қатысты негізгі мазмұн берілген.
Материал Оқушы және студент жұмыстары бөлімінде жарияланған.
Тақырыпқа жақын басқа материалдарды төмендегі қатысты сілтемелер мен бөлім беттері арқылы қарай аласыз.
- Азамат Төре (авторлық өңдеу)
- Шәкәрім Құдайбердіұлы
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі