Өлең, жыр, ақындар

Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам

ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың “Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі” атты Қазақстан халқына жолдауының аясында “Әділетті мемлекет.Біртұтас ұлт.Берекелі қоғам” тақырыбында университеттік шара өткізілді. 

2022 жылдың желтоқсан айының 8-жұлдызында Математика факультетінде Тарих  факультетінің Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры Қозыбақова Фатима Ақынбайқызының "Математика" топтарының ұйымдастыруымен  кемеңгер дипломат, сарабдал саясаткер, елімізді болашаққа бастаушы – Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың өмірі мен қызмет жолын студенттер арасында кеңінен талқылап, конференция өткізілген болатын. Жетекшісі :Қозыбақова Фатима Ақынбайқызы. Конференцияда президентіміздің жолдауы мен еліміз үшін тарихи күн – сайлауды кеңінен талқылап, пікірталас ұйымдастырылды.

Ғылыми конференция барысында студенттер мемлекет басшысының өмір жолы мен еңбектерін ерекше тәсілдер арқылы таныстырып өтті. Атап айтқанда, студенттердің әзірлеген жұмыстары реферат, картамен жұмыс және презентация ретінде көрсетілді. Сонымен қатар, жазған еңбектері мен кітаптары, газет-журналдағы таңдаулы мақалалары көрме ретінде таныстырылды. Осындай ерекше әдіс аудиторияның көңілін демде баурап, халқының қалаулысына айналған тұлға– президентіміздің тәуелсіздік алған жылдардан бастап қазіргі кезге дейінгі тағылымымен танысып, жолдаудың мән мен мағынасына тереңінен үңіліп, білім көкжиегін кеңейтуге мүмкіндік берді.

ҚаҰУ студенттері


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз