Өлең, жыр, ақындар

Тарихи кеңістік

Тарихи кеңістік дегеніміз белгілі бір уақыт шеңберінде ортак әлеуметтік - экономикалық, саяси және мәдени кұндылық-тар негізінде қалыптаскан адамзат қауымы мекендеген географиялық аймак.

Кеңістіктің екі түрі болады. Бірі географиялық кеңістік, екіншісі тарихи. Екеуінің арасында жер мен көктей айырмашылық бар. Біріншісі көп өзгеріске ұшырай коймайды, ал екіншісі тарихи дамудың әр дәуірінде этникалық және әкімшілік өзгерістерге ұшырап жатады. Мұндайда қазақ «Елу жылда ел жаңа, жүз жылда жер жаңа» дейді.

Географиялық кеңістіктің шеқарасы табиғи кедергілермен бөлініп жатады. Мысалы, олардың арасында тау, теңіз, мұхиттар жатуы мүмкін. Еуропа мен Азияның арасында Орал тауы жатыр. Америка, Еуропа, Африка, Австралияны су бөліп жатыр.

Кейде бір контнентің өзі бірнеше географиялық аймактарға бөлінеді. Бұл жерде табиғи кедргілер рөлін оның географиялық ерекшеліктері орындайды. Қазақстан жері табиғат ерекшеліктеріне қарай

Арқа, Атырау, Жетісу, Бетпакдала, Маңғыстау, Мырзашөл, Сібір. Торғай даласы тағы сол, сияқты аймактарға бөлінеді.

Ал енді тарихи кеңістік туралы түсінік жиі-жиі өзгеріп тұрады. «Қазақстан» түсінігі ХV ғасырдың орта шенінде Шу өзенінің алабындағы кішкене ғана территорияны қамтыды.

Тарихи кеңіспгіктің шеқарасы турақсыз. Ол уақыт еткен сайын өзгеріп отырады. Белгілі бір географиялық кеңістікте әр заманда әртурлі мелекеттік, саяси кұрылымдар өмір сүреді. Қазақ тарихының көне дәуірін зерттегенде, біз тек бүгінгі Қазақстан алып жатқан географиялық кеңістікпен шектеле алмаймыз.

Географиялық ашуларға, жаулап алу саясатына, аннекция, тәуелсіздік алу сияқты саяси оқиғаларға байланысты тарихи кеңістіктің шекарарсы өзгереді.

Шәкір С.Е., Ғылыми жетекшісі: т.ғ.д., проф., ҚР ҰҒА академигі Кәрібаев Б.Б.  Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар