Әр бала үшін өз үйінде, ата-анасының құшағында өмір сүру-үлкен бақыт. Ананың аялы алақаны, әкенің айтқан ақылына бұл жалғанда ештеңе де тең келмес. Алайда анасының аялы алақанын сезбеген, әкесінің айтқан ақылын тыңдау бақыты бұйырмаған балалар біздің елімізде де өсіп келе жатыр! Ал қоғамымызда бұл бақытқа қолы жетпеген жетімдер үйінің түлектері өмірде өз орнын таба алады ма екен?
Жалпы алғашқы жетімдер үйі 1918 жылы бой көтерген, бірақ қанша жыл өткенімен біз бұл жетімдер үйін жаба алар емеспіз!
Халықаралық бала құқығын қорғау күні Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов елімізде жалпы неше жетімдер үйі бой көтеріп тұрғанын айтты.
Министр 2020 жылғы статистикаға сәйкес, Қазақстанда 4 193 бала жетімдер үйін мекендеп, күн көріп жатқанын жариялады. Он жыл бұрын жетімдер үйінде 14 052 бала болса, қазір олардың саны 4193 бала. Ал, балалар үйінің желісі 210-нан 101-ге дейін қысқарған. Бұл 2010-2020-жыл аралықтарына тән көрсеткіш.
Алайда, 2021-жылғы статистикаға байланысты, жетімдер үйіне жылына 493 бала қосылыпты.
«Жетімін жылатпаған», «жетім көрсе жебей жүретін» халқымыз үшін бұл көрсеткіш тым көп.
Ата-ана міндеті баланы бақытқа бөлеу.
Әрине, жетімдер үйі балаға қаншалықты мейірімділік танытқанымен, ата-ана орнын баса алмайды. Олар не ішсем, не кисем деп өмір сүрген жоқ. Бірақ мейлі жетім болсын, мейлі толыққанды отбасыда өмір сүрсін-олардың мемлекет тарапынан қорғалу, қамтамасыз етілу құқығы бар!
Қорытындылай келгенде, әр бала бақытты өмір сүруге лайықты! Қандай қиындықта өмір сүрсе де, өз отбасында өмір сүрген ол үшін қымбат. Жетімді жетім демей, қамқорлыққа алу-әр адамның парызы.
Есенгелдиева Аружан Жангелдіқызы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Мағжан Жұмабаев
- Мағжан Жұмабаев
- Сағи Жиенбаев
- Шоқан Уәлиханов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі