Қазіргі таңда әлеуметтік желіні ең көп қолданатындар — жастар. Тіпті жастар ғана емес, үлкен кісілер де телефонды меңгеру арқылы әлеуметтік желілерді қолдануды үйреніп алды және қазір түрлі платформаларды белсенді пайдаланып жүр.
Қазір әлеуметтік желіні үлкен кісілердің өзі жиі қолданғандықтан, әлемде интернетті пайдаланатын адамдар саны жыл сайын артып келеді. Мысалы, әлемде 8 миллиард адам болса, соның 5,41 миллиарды интернет қолданады, бұл — шамамен 65,7%. Ал жеке платформаларды қолданушылар саны:
• Facebook — 3 млрд
• YouTube — 2,5 млрд
• Instagram — 2 млрд
• TikTok — 1,5 млрд
• WhatsApp — 2 млрд
Үлкен жастағы адамдардың жиі қолданатын платформалары:
45–64 жас:
Әлеуметтік желіні 74–80% қолданады.
Ең танымал платформалар: WhatsApp, Facebook, YouTube
65+ жас:
Әлеуметтік желіні 45–55% қолданады.
Ең танымал: Facebook, WhatsApp, YouTube
Яғни бұл — әлем бойынша статистика. Ал Қазақстандағы жағдайға келетін болсақ, еліміздегі жастардың 66,2% бос уақытын әлеуметтік желіге жұмсайды. 2025 жылғы зерттеуге сәйкес, Қазақстан жастары арасында ең танымал әлеуметтік желілер:
• WhatsApp — 89,4%
• Instagram — 79,8%
• TikTok — 63,9%
• Telegram — 24,6%
• Facebook — 9,1%
• ВКонтакте — 4,7%
45–60 жас аралығындағы үлкен кісілердің танымал платформалары:
• WhatsApp – 80%
Көбіне отбасымен байланыс үшін.
• Instagram – 55–60%
Пост жиі салмайды, бірақ stories қарау және таныстарының жаңалығын көру үшін белсенді.
• Facebook – 25–30%
Жаңалық оқу, ресми ақпарат, қауымдастық топтары үшін.
• TikTok – 25%
Соңғы жылдары үлкендер арасында да жылдам тарауда (негізінен видео көру).
• Telegram – 20–25%
Жаңалық арналарына жазылу үшін.
«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Рамазан Қазына
- Оразбай Сарыбаев
- Оразбай Сарыбаев
- Оразбай Сарыбаев
- Оразбай Сарыбаев
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі