Ұрпақтар сабақтастық мәселесі күн тәртібінен түспейтін, күні бүгінге дейін толғамы терең дүние. Өткен тарихи жадыны сақтай отырып, ұстамды иновацияларды сіңіріп, болашақ ұрпаққа мирас етіп қалдыру, ол ұрпақ үшін, халықтың даму тарихы үшін, болмысы үшін, қажетті және терең мәселе. Ұрпақ сабақтастығы арқылы тарихымыздың үздіксіз сабақтастығы көрініс табады. Ұрпақтар сабақтастығы ретінде атадан өскелең ұрпаққа мирас ретінде жалғасын тауып келе жатқан ұлтжандылық, толеранттылық қасиеттер қазіргі еліміздің даму сатысында жалғасын тауып, Қазақстандық қоғам мультимәдениетті әлеуметтік ортаға айналып отыр. Өйткені мультимәдениеттілік халықты көптілді ортаға, бейбітсүйгіш әлемге бейімдей алады.
Біздің тақырыбымыздың мақсаты осы сабақтастықтың адамның өмірлік іс әрекеттілігі, дүниені түйсінудегі шынайылық пен идеалдықтың арақатынасын уақыт дәнекерлері негізінде қарастыруды құрайды. Өйкені уақыт бұл сырғып аққан бір сәттік көріністен тұрғанымен адамның оны мәнмен толықтыруының негізінде тарихи жадқа, естеліктерге айналады. Сонымен қатар осының негізінде, уақытта өткен оқиғалар халықтың ұлттық мақтанышының, рухани тектілігінің сипаттарын береді. Бар болушы болмыс ұрпақтар қызметі арқылы тарихтағы мәніне ие болады. Дегенмен уақыт шексіздік арқылы баяндалатын категория ретінде, ол мәнді уақыттың спектрінде дәлелдейді.
Дәстүрлі мәдениетті жаңғырту, өз халқының тарих тәжиірбесіне жүгіну тәуелсіздікке ие болған елдің өмірінен алатын заңды құбылыс. Мұның арғы жағында қоғамдық сананың қалыптасуы, ұрпақ тәрбиесі сияқты үлкен міндеттер жатыр. Демек жаһандану жағдайында өмір сүріп жатқан жас ұрпақты қоғам талаптарына сай қалыптастыру оңай емес. Әсіресе, батыстық бағыттағы үлгіні ұстанған жас ұрпақтың бойына ұлттық сана қалыптастыру қиынның қиыны. Осы орайда, халқымыздың ғасырлар бойы жинақтап, уақыт тізгінінен өткен бай тәжірбиелік қазынасын қолдану кезек күттірмейді. Ата-бабамыз салып кеткен сара жолды таңдап, өскелең ұрпақты салт-дәстүрімізбен әдет ғұрпымызға сай тәрбиелесек ұтарымыз мол. Ұлттық сана біздің идеялогиямыздың және қазірғі қоғам дамуының негізі болып табылады. Оны іске асырудың жолдарын айта кетсек, халықтар достығын нығайту мақсатындағы жұмыстарды атқару, Отандық тарихты терең меңгеру, мемлекеттік тілді және ұлттық психологияны білу. Сонда ғана біз білімді, дарынды ұрпақ қатарынан бола аламыз.
Нұрділла Асылжан
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі