— Уинстон Черчилль 6 сыныптан өте алмай келесі жылға қалған, 62 жасында Англия примьер-министрі болған.
— Генерал Мак Артурдың батыс майданына ауысу арызы 3-ші сұранысында ғана қабылданыпты.
— Баскетбол жұлдызы Майкл Джордан мектепте баскетбол командасынан қуылған болатын.
— Томас Эдисон электрлі шамды табарда 10 000 сынақ жүргізген.
— Құлағы жақсы естімеген Бетховен 46 жасында толығымен керең болған.
— Альберт Энштейн 4 жасында сөйлеуді, 7 жасқа келгенде оқуды үйрене бастапты. Мұғалімі сынып үлгерімі журналына былай деп жазған екен: «Миы өте ақырын істейді. Оның үстіне қиялдарын қуалап жүретін кезбе».
— Луи Пастердің университетіндегі орташа бағасы 22-лік баға ішінен 15 екен.
— Александр Белл 1876 жылы алғаш телефон жасағанында АҚШ президенті Рузелфорд Хейз былай деген екен: «Өте күлкілі жаңалық, мұндай құралды кім қолданады?».
— Теледидарды ойлап тапқан Др. Ли Де Форест былай деген: «Келешектегі ғылым қанша ілгерілесе де адамзат айға мүлдем бара алмайды».
— «Ауруға ауыртпайтын әдістермен хирургиялық операция жасау ақымақ бір қиялдан басқа нәрсе емес» Др. Альфред Вельпо, 1839 жыл.
— «Дауысты сымдармен жеткізу мүмкін емес. Мүмкін болса да ешқандай қадірі жоқ» Едиториал.
— 1865 жыл. «Ауада ұшатын машина жасау мүмкін емес» Лорд Келвин.
— 1895 жыл. «Атомдық энергияның табылатынын меңзейтін ең кішкентай да бір көрсеткіш көріп тұрғаным жоқ» Альберт Энштейн, 1932 жыл.
Томас Эдисон: 19 ғасырдың талантты бизнесмені
Ақын-жазушылардың ерекше іс-әрекеттері
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі